Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев сымбатты болу үшін не істеу керектігін айтты - видео

614
Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңес берді

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев диетаға деген көзқарасын білдіріп, өзінің өмір сүру салтының құпиясын ашты.

Ақорда баспасөз қызметі Елбасының видео сұхбатынан үзінді жариялаған.

"Кімнен сұрасаң да, арықтағысы келеді. Тіпті арық адамдар салмақ тастауды қалайды. Диетаның да түрі көп: ет жеуге болмайды, майды мүлдем ауызға алмау керексің, - дейді мемлекет басшысы әзіл-шыны аралас. - Біз қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз? Бір ұрыны ұстап алып, "неге ұрлайсың?" дегенде, "жылқының еті тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояйын" депті".

Содан соң президент өзінің өмір сүру салты мен қалай тамақтанатыны жайында айтып берді.

"Менің қағидам – адам ағзасы сұраған асты жеуі керек", - деді Елбасы.

Сонымен бірге, спортпен шұғылдану керектігін атап өтті.

"Адам өзіне қарауы тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бәрімізге белгілі, Елбасы жастайынан спортпен шұғылданғанды жақсы көреді, тіпті жаңа түрлерін меңгеруден жалықпайды. Нұрсұлтан Назарбаев күреспен айналысқан, қазір теннис және гольф ойнайды, тау шаңғысын тебеді, атқа мінеді.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі - теннис
    Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі - теннис
  • Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақ тау шаңғысы демалыс орнында
    Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев "Шымбұлақ" тау шаңғысы демалыс орнында
    © Sputnik / Сергей Величкин
1 / 2
Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі - теннис
614
Кілт сөздер:
видео, спорт, диета, сұхбат, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев әлемнің бүкіл саясаткерлеріне құнды кеңес берді
Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді
Назарбаев қазақстандықтарға қытай тілін үйренуге кеңес берді
Загрузка...