Социальные сети

Шетелде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде көз жұмды

1054
(Жаңартылды 11:12 01.02.2019)
Ирфан Ахмеджанов Ресейге жұмыс істеуге барып, онда бар-жоғы үш күн болған

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Бірнеше күн бұрын Ресейге жұмыс істеуге барған 18 жастағы Шымкент тұрғыны Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде өзіне қол салды.

Трагедия 30 қаңтар күні Новый Уренгой қаласында болды. Ол жайлы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жас жігіттің дос қызы elitar.kz тілшісіне оның үлкен жоспарлары болғанын, отбасын құруға дайындалғанын айтып берді.

"Ирфан Ресей аумағында бар-жоғы үш күн болды, әрине, бұл уақыт ішінде ақша тауып үлгермеді. Отбасы қайғыдан қан жұтып отыр, сол кеште не болғанын анықтауға тырысуда. Таяуда ғана қалыңдығына үйленуге ұсыныс жасап, әрі қарай бірге тұруды жоспарлаған еді, ол бақытты болатын. Мұндай қадамға не итермелегені түсініксіз", — деп хабарлады Светлана Саенко.
Оның айтуынша, марқұмның әкесі мен үш әпкесі бар, таяуда әжесі дүниеден озған. Сондықтан Ирфанды елге жеткізіп, жер қойнына тапсыруға отбасының шамасы келмей отыр.

"Біз қайырымды жандардан Ирфанды үйіне әкеліп, Шымкентте жерлеуге қажетті қаржыны жинауға көмектесуін сұраймыз", — деп атап өтті қыз.

1054
Кілт сөздер:
суицид, Орал, Ресей
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз суицид жасады
"Күт мені, анашым". Жас футболшы фейсбукте жазба қалдырып, өзіне қол жұмсады
Тікелей эфирде соққыға жығылған журналист өз-өзіне қол жұмсады
ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты жаңа деректер шықты
Загрузка...