Қыс

"42 градус аяз": Синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

1162
(Жаңартылды 15:15 01.02.2019)
"Қазгидромет" РМК 2-4 ақпан күндеріндегі ауа райына болжам ұсынды

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, ауа температурасын жоғарылатып, республиканың басым аумағына қар мен бұрқасын шақырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай ығысты. Ал Қазақстанға Карск теңізінен жылжыған суық антициклон әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда сынап бағанасы тағы -35…-42 градусқа дейін, оңтүстікте кей жерлерде -15-22 градусқа дейін төмендейді.

"Бірақ Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен кезекті циклон ығысып, соның әсерінен жексенбіде аяздың беті қайтады. Сондай-ақ қар жауып, бұрқасындатып, бірқатар өңірде күшті екпінді жел соғады", - делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы

Астанада сенбіде күндіз 12, түнде 19 градус аяз болады. Көшпелі бұлт шығады. Жексенбіде температура күндіз 12, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Ал дүйсенбі, 4 ақпанда күндіз 23, түнде 16 градус суық болып, қар жауады.

Алматыда сенбіде күндіз 3, түнде 8 граус суық болады, қар жаууы мүмкін. Жексенбіде сынап бағанасы күндіз -8, түнде -10 градусты көрсетеді. Келесі аптаның басында күн жылынып, күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді. Түнде 2 градус жылы болады.

Шымкентте ертең күндіз 9 градус жылы, түнде екі градус суық болады. Күн ашық. 3 ақпанда күндіз ауа райы 10 градусқа дейін жылынады, жаңбыр жаууы мүмкін. Дүйсенбіде күндіз 9, түнде 1 градус жылы болады, көшпелі бұлт шығады.

1162
Кілт сөздер:
аяз, қыс, ауа райы
Тақырып бойынша
"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды
Астанада қыс ортасында көшені су алып кетті
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Загрузка...