Вид из сферы ЭКСПО

Енді ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

224
(Жаңартылды 18:34 01.02.2019)
Пәтерлер жылдық 3 процентпен 12 жылға бөліп төлеу арқылы сатылады

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Осы жылдың 15 ақпанынан бастап Астанадағы ЭКСПО қалашықтағы үйлер қайта сатыла бастайды. Бұл туралы бүгін "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өсербаевтың айтуынша, 15 ақпаннан бастап ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді сатудың жаңа механизмі іске қосылады. Яғни, енді баспаналы болғысы келетін азаматтарға пәтерлер жылдық 3 процентпен 12 жылға бөліп төлеу арқылы сатылады.

Ол үшін сатып алушы негізгі шарттарды орындауы тиіс: төлем қабілеттілігін растау; пәтер бағасының 20 процентінен кем емес мөлшерде алғашқы жарна төлеу; "Бәйтерек девелопмент" АҚ-мен сатып алынатын мүлікке кепіл келісімшартын бекіту; 3 АЕК мөлшерінде кепіл жарнасын төлеу.
"Бөліп төлеу механизмі арқылы бір отбасы тек бір ғана пәтерді сатып ала алады. Бөліп төлеу мерзімі өтініш берген адамның 70 жасқа толуымен шектеледі", - деді Өсербаев ОКҚ-де өткен брифингте.

Пәтер сатып алу туралы өтініштер Digital Baiterek порталы арқылы қабылданады.
Бұған қоса, компания өкілдері нақтылағандай, жаңа тетіктің енгізілгеніне қарамастан, баспананы бұған дейінгі қолданыстағы механизмдер бойынша да сатып алуға болады.

Яғни, өз қаражаты есебінен, немесе екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы.

ЭКСПО аумағындағы сатылатын тұрғын үйлердегі 193 пәтер бағасы бойынша "7-20-25" бағдарламасының шарттарына сәйкес келеді.

Өсербаев бүгінде 148 пәтер мен 103 көлік орны сатылғанын атап өтті. Барлығы Digital Baiterek порталына пәтер сатып алу туралы 1547 өтінім келіп түскен.

224
Кілт сөздер:
7-20-25 бағдарламасы, ЭКСПО, пәтер
Тақырып бойынша
"7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер алу қолжетімді бола түсті
"7-20-25": пәтер алғандардың айлық табысы 200 мың теңге екені анықталды
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Загрузка...