Қоғам

ЭКСПО қалашықтағы пәтерлердің құны қанша?

© Sputnik / Владислав ВодневНовоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бәйтерек девелопмент" АҚ ЭКСПО аумағындағы үйлерді сатудың жаңа механизмін іске қосты

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Астанадағы ЭКСПО қалашығында орналасқан пәтерлердің бір шаршы метрі 399 900 теңге тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаевтың айтуынша, тұрғын үй кешеніндегі пәтердің шаршы метрінің құны баспананы сатып алудың таңдалған әдісіне байланысты өзгермейді.

"Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 теңгені, ал көлік орны 735 000 теңгені құрайды", - деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.

Бір бөлмелі пәтерлердің аумағы 39,6-дан 51 шаршы метрге дейін, екі бөлмелі пәтерлер – 57,1-80,6 ш.м., ал үш бөлмелілер – 81,1-ден 106, төрт бөлмелі пәтерлер – 105-тен 123,4 шаршы метрге дейінгі аралықта.

Вид из сферы ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады
Компанияның жылжымайтын мүлікті сатуға қатысты ақпаратында мысал ретінде ай сайынғы төлемнің қанша болатыны көрсетілген.

Мәселен, сіз 20 процент мөлшерінде бастапқы жарна төлеп, аумағы 43 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтер алғыңыз келеді. Онда бастапқы жарна 3,4 миллион теңгені құрайды, ал ай сайынғы төлем – 113 875 теңге.

Айта кетсек, ЭКСПО көрмесіне келген қонақтар мен қатысушылар үшін 42 тұрғын үй бой көтерген болатын. Бүгінде 1300 пәтердің 148-і мен 103 көлік орны сатылған. Барлығы Digital Baiterek порталына пәтер сатып алу туралы 1547 өтінім келіп түсті.

Жаңалықтар
0