Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев

"Мәселенің бәрі содан басталып отыр" Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді

1569
(Жаңартылды 11:15 05.02.2019)
Премьер-министр ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастауды тапсырды

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев күннің күрт суытуына байланысты әкімдіктерге қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алдағы күндері бірқатар өңірде күн қатты суытады деп болжанып отыр. Сондықтан әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударамын. Жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жер үйлерде де пеш жағу күшейе түседі. Сол себепті қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше мән беріңіздер", - деді премьер-министр.

Сағынтаев ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылу беру маусымы аяқталғанға дейін, өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастауды тапсырды.

"Жылу мен энергия беретін барлық ұйым, әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жергілікті деңгейде жарықпен және жылумен қамтамасыз етсін. Барлық қызмет іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселе әкімдіктердің ерекше бақылауында болуы тиіс",- деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Сағынтаев әкімдер мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың назарын әлеуметтік желілерде айтылып жатқан әңгімеге аударды.

Астанадағы қайғылы оқиға: Сағынтаев өрттен қаза болған қыздарды ата-анасына көңіл айтты

"Тексерушілер жер үйлердің өрт қауіпсіздігіне қаншалықты дайын екенін тексеруге келген кезде, "ештеңені тексермей-ақ қояйын, ақша берсеңіз кете берейін" деп айтады екен. Міне, мәселенің бәрі содан басталып отыр. Осыған көңіл аударыңыздар. Қатаң талап болуы керек. Сонда ғана кеше болған қайғылы жағдайға жол бермейміз", - деді премьер-министр.

Бес баланың өмірін қиған өрт: оқиға орнында түсірілген видео

Қайғылы оқиға Астанада Көктал-1 тұрғын үй алабындағы жер үйлердің бірінде 4 ақпанға қараған түні болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минуттан соң жетті, бірақ үй толығымен өртеніп кетті. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылды. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. 

Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы екеуі де жұмыста болған – әйел пластикалық карта шығаратын зауытқа түнгі ауысымға барады, ал отағасын техникалық қызмет көрсету станциясына (СТО) жұмысқа шақырып алған.

1569
Кілт сөздер:
үкімет отырысы, өрт қауіпсіздігі, әкімдер, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой" Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді
"Некорректно!". Сағынтаев қарияларды көпсінген әкімдерді сойып салды
Бағаның өсуіне жол берген әкімдер Сағынтаевтың сынына ілікті
"Дайын болыңыздар!" Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады
"Халыққа біздің жылы сөзіміз керек емес" Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді
"Ештеңе түсінбей отыр": Сағынтаев жұмысына көңілі толмаған министрлерге шүйлікті
Загрузка...