Аяз

Қазгидромет ескертеді: Қазақстанға қатты аяз келе жатыр

3338
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда қатты аяз болады деп болжап отыр


АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 7 ақпанға дейінгі кезеңде республиканың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, күшті жел тұрады. Қазақстанның оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейінірек Карск теңізінде орналасқан антициклонмен байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, 45 градус аяз болады, деп ескертеді "Қазгидромет".

Республиканың оңтүстік облыстарында кейбір жерлерде күн 30 градусқа дейін суытады.

Дабылды ескерту

Ауа-райының нашарлауына байланысты бірден республиканың бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 ақпанда Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында желдің күші секундына 28 метрге дейін жетеді. Түнде қар жауып, боран соғып, тұман түсуі мүмкін, кей жерлерде ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде жел секундына 28 метрге дейін күшейуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 23-28, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 45 градус аяз болады.

Мегаполистердегі ауа райы

6 ақпанда Астанада қар жауып, бұрқасындатады, солтүстік-батыстан секундына 20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы 39 градус аязға дейін төмендейді.

Алматыда сәрсенбі күні қар жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы минус 4 градус, түнде он градусқа дейін суытады.
Шымкентте де қар жауады, сынап бағанасы күндіз -2 -4 көрсетсе, түнде 14 градусқа дейін төмендейді.

3338
Кілт сөздер:
ауа райы, қыс, аяз
Тақырып бойынша
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Шығыста – қақаған қыс, оңтүстікке көктем келеді: 3 ақпанға ауа райы болжамы
"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды
Загрузка...