Астана

Астанада сұрапыл аяз: Елорда әкімі жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

465
Астана әкімі ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш жасады

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Астанада боран басталып, аяз күшейді. "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша 5 ақпан күні Астана аумағында қар, бұрқасын, батыстан, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр, 6-7 ақпанда түнде 37-39 градус қатты аяз болады. Осыған байланысты қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш айтты, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкім барлық ұйымдардың басшыларына және жеке кәсіпкерлерге қарата аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу, тұрғын үй-жайлардағы жылуға, сондай-ақ, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса бойын жылыту үшін ыстық шай беруге шақырды.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қатты аяз күндері тұрғындарға мұқият болу, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салғандары дұрыс.

Қала басшысы мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік объектілер (базарлар, СОСО) және құрылыс алаңдарында жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды. Ал қала тіршілігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру қызметі, полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызмет қызметкерлері әдеттегі кестемен жұмысын жалғастырады.  

Қазгидромет синоптиктері ақпан айына ауа райы болжамын жасады

Аудан әкімдері ПИК-термен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін пысықтау тапсырылды.

465
Кілт сөздер:
ауа райы, Астана, аяз
Тақырып бойынша
Астанада жеті жылда алғаш рет қыс қарсыз басталды
Шығыста – қақаған қыс, оңтүстікке көктем келеді: 3 ақпанға ауа райы болжамы
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды
Загрузка...