Қоғам

Бес баланың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін екені анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневПохороны 5 девочек, погибших при пожаре в Астане
Похороны 5 девочек, погибших при пожаре в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін бірнеше рет ескерткен 

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Заңгер Жандос Тұяқов Астандағы 5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Баспана иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал, бұған дейін төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін айтып, бірнеше рет ескерту жасалғанын айтты. Соңғы рет бір аптадай бұрын ескертіп кеткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Өрттен қаза болған қыздарды жерлеу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
"Комиссия өрт талаптарына сәйкес келмеген деп анықтаған жағдайда, осы оқиға бойынша бұл азаматтар – "времянканың" иелері Қылмыстық кодекстің 292-ші бабы 2-ші бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған", - дейді Тұяқов.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары әкесінің түнгі уақытта жұмыста болған-болмағаны анықталып, жұмыс беруші де сұралатынын айтқан еді.

Сұлтанов бес баласынан айырылған отбасыға қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

5 қызынан айырылған Евгений Ситер сол түні Талапкер көшесінде орналасқан Көлік жөндеу стансасында жұмыс істеген. Алайда, атау жоқ стансада абалаған иттен өзге жан иесі көрінбеді. Ал, Ішкі істер министрлігі жұмыс берушіге қатысты тергеу жұмыстары жөнінде қандай да бір ақпар беруден бас тартты.  

Жаңалықтар
0