Ана мен бала

Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті

996
(Жаңартылды 13:19 06.02.2019)
Әйелдер қала басшылығымен кездесуді талап етіп, аязды күні далада жиналды


АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астанада өрттен бес қыз қаза болғаннан кейін 60-қа тарта көп балалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Далада отыз градус аяз болғандықтан, әкімдік өкілдері әйелдерді "Астана" концерт залына (бұрынғы Конгресс-холл) ертіп барды, ыстық шай беріп, микрофон қосты.

Әкім Бақыт Сұлтанов кездесуге келе алмады, орнына орынбасарын жіберіпті.

"Көп балалы аналармен кездесуге Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Әйелдер өз проблемаларын айтып, нақты іс-әрекеттерді талап ету үшін жиналды.

Сұлтанов бес баласынан айырылған отбасыға қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

Көпбалалы отбасындағы трагедия

Дүйсенбі күні түнде, 4 ақпанда көп балалы отбасы тұратын үйден өрт шығып, бес қыз көз жұмды. Балалардың ата-анасы түнде жұмыс істеген. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.

996
Кілт сөздер:
трагедия, өрт, көп балалы отбасы
Тақырып бойынша
Бес баланың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін екені анықталды
Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
Загрузка...