Сынық әйнек

Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: полиция мәлімдеме жасады

325
Ілияс Карға қатысты қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген, 33 жастағы алматылық ұсталғаннан бері қамауда отыр

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қазақстандық белгілі актриса қаза тапқан жол апатына күдікті жүргізушіге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қауесетті Алматының полиция департаменті жоққа шығарды.

Алматыда 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай – Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол апаты болды. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан, олардың бірі – актриса Шолпан Елгезекова. Желіде күдікті жүргізуші Ілияс Кар бостандыққа шықты деген хабар тарады.

Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?

"Карға қатысты қылмыстық іс қазір сот қарауына жіберілген. Ол ұсталғаннан бері қамауда отыр", - деп мәлімет берді полиция департаменті.

Полицейлер қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды өтінді.

Алматыда жол апатынан аман қалған актриса есін жиды

Бұдан бұрын оқиға куәгерлері хабарлағандай, Алматыда желтоқсанда болған жол апатына Gelandewagen көлігінің мас жүргізушісі айыпты. Көлік апатының видеосы желіде жарияланған. Кадрларда жүргізуші қатты жылдамдықпен бағдаршамның қызыл жарығында қиылыстан өтіп, екінші көлікке соғылды.

325
Тақырып бойынша
Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған
"Жоспары көп еді..." Шолпан Елгезектің әріптестері актриса туралы естелігімен бөлісті
Қазақстандық актрисаның қазасы: іс сотқа берілді
Актрисаның қазасы: Gelandewagen жүргізушісінің кім екені анықталды
Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы көз жұмды
Загрузка...