Кілт

Астанадағы қайғылы оқиға: кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға пәтер алып бермек

4124
(Жаңартылды 18:11 06.02.2019)
Қазақстандық кәсіпкер өзге бизнесмендерді мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға бір бөлмелі пәтер сыйлағысы келеді. Астанадағы бес баланың қазасына қынжылған ер адам өзге бизнесмендерді мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды.

"Жұрт айыптыны іздеп, мемлекетті кінәлап жатыр, бірақ бәрі кеш емес пе? Қазақстанда басында баспанасы жоқ, тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар аз емес. Мен өз атымнан бизнестен тапқан табысымның мүмкіндігіне қарай мұқтаж отбасыға бір бөлмелі пәтер алып бергім келеді", - деді қаржы компаниясының бас директоры Жандар Садықов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Универсальный《Кэш~ЛОМБАРД》24/7 (@astana_cash.lombard)

Садықовтың айтуынша, пәтерді биыл наурыз айының соңына қарай сатып алуға мүмкіндік болады.

Астанада бес баланың қазасынан пайда тапқысы келетін алаяқтар шықты

Астанада Көктал-1 тұрғын үй алабында орналасқан "времянкадағы" өрт кезінде бес бала қаза тапты. 4 ақпан күні түнде қыздар үйде жалғыз қалыпты – ата-анасы жұмыста болған. Отбасы елордада он жылдан бері тұрып жатыр екен. Тұрмысы нашар тұрғындар қатарына да, баспана алу кезегіне де тіркелмеген, алайда көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып жүріпті.

Бес қыздың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін?

4124
Кілт сөздер:
пәтер сыйлау, тұрмысы төмен отбасы, кәсіпкер, қайғылы оқиға, Астана
Тақырып:
Бес баланың қазасы (21)
Тақырып бойынша
Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
"Туыстары түнде тексеріп кеткен": бес баланың өмірін қиған өрттің мән-жайы
Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео
"Ешкімнің басына бермесін" Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтты
"Мәселенің бәрі содан басталып отыр" Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
Өрттен қаза болған балаларды жерлеуге мыңдаған астаналық келді – видео
Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті
Загрузка...