Неке

Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды

502
(Жаңартылды 10:27 07.02.2019)
Астаналық екі ерікті қомақты қаржыны қажет ететін салтанаттан бас тартып, қайырымдылыққа атсалысты

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Астаналық ғашықтар үйлену тойларын қымбат мейрамханада емес, мектеп-интернатта балалармен бірге атап өтуді жөн көрді, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".  

Дидар Сәтбаев пен Лаура Жүнісбекова – қайырымдылық кезінде танысқан еріктілер. Олар интернат тәрбиеленушілеріне сурет салу және жауынгерлік әдістерді меңгеруден тегін сабақ береді. 

Екі ғашық үйлену тойларын дәстүрлі түрде тойлағысы келмеген.

"Қомақты қаржы жұмсап, асыр салып той жасағанша, мектеп- интернаттың  балаларына сыйлық жасағымыз келді. Бұл бірауыздан келісілген шешім. Балаларға қуаныш сыйлап, көңіл-күйін көтеріп, көмектескіміз келген соң тойдан бас тарттық", - деді Дидар Сәтбаев  өз шешімін түсіндіре келе.

Қайырымдылық кезінде танысқан еріктілер –Дидар мен Лаура
© Foto : Еуразия бірінші арнасы
Қайырымдылық кезінде танысқан еріктілер – Дидар мен Лаура

Ол айтып өткендей, бұл шешімге  олардың туыстары да түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен.

"Мен үшін  ең  бастысы – біз үшін атаулы күнді бірге мерекелеп, қуанып жүрген балғындардың эмоциясы. Біз жастарды мейрамханаларда жасалатын тойларға миллиондап ақша кетіргенше, қаржыны игі істерге бағыттауға шақырамыз", - деді Лаура.

Айта кетейік, өз тойларында жас-жұбайлар сыйлық қабылдамай, керісінше өздері таратты. Олар интернат тәрбиеленушілеріне бокс "грушасын" сыйлады.

502
Тақырып бойынша
Үйлену тойының алдында жігіті тастап кеткен қыз дүйім жұртты таңғалдырды
Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады
Загрузка...