Архивтегі фото

Ақтауда 382 млн теңге жымқырды деген күдікпен компания қызметкері ұсталды

143
Болгария билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды  ұстап берді

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполы 382 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Максим Леонтьевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Болгариядан экстрадициялады.

Ұсталған азамат Максим Леонтьев  2012-2017 жылдар аралығында   Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да  жұмыс істеген. Күдікті өз құзыретін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 миллион теңге ақшалай қаражатын жымқырған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.  

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген Леонтьевке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті Астана қаласының тергеу абақтысына қамалды.

143
Тақырып бойынша
Ақша жымқырды деп айыпталған қазақстандық елшіге қатысты тың мәлімет шықты
Екі жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды
Батыс Қазақстандағы "Қазгидромет" бөлімінің басшысы қаржы жымқырған
Миллиондап ақша ұрлаған қылмыскер Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды
Загрузка...