Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов

"Қиын болды": ұлттық экономика министрі 10 жыл бойы ипотека төлегенін айтты

688
Министр Тимур Сүлейменов жастарға баспана алған кезде қаржылық мүмкіндігін ескеру қажеттігін айтты

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жыл бойы ипотека төлеу қиынға соққанын мойындады. Ол бұл туралы жастар саясаты бойынша сенатта өткен дөңгелек үстел барысында бөліскен.

"Мен де жас адаммын. Былтыр 10 жылдық ипотекалық несиемді төлеп бітірдім, яғни 2008 жылы алған кредитті былтыр жаптым. Айтарлықтай қиын болды", - деді ұлттық экономика министрі.

Осыған байланысты министр жастарға баспана алар кезде қаржылық мүмкіндігін ескеруге кеңес берді.

"Әрқашан өз мүмкіндігіңді ескеру керек. Бізде жалдамалы баспана деген бар. Менталитетімізге байланысты бәріміз өз баспанамызды алуға ұмтыламыз. Біріншіден, жіпсіз байланып қаласың, сол кезеңнің ортасында психологиялық тұрғыда шаршай бастайсың, себебі айлық табысыңның басым бөлігін ипотекаға беруге мәжбүрсің. Ипотеканы қанша арзандатсақ та, қарыз алған адамдар өзінің шама-шарқын ескермеуі мүмкін. Сол себепті бұл мәселеге басқаша көзбен қарау қажет", - деді Тимур Сүлейменов.

Оның пікірінше, баспана алған кезде жұмыс бабы бойынша қоныс аудару мүмкіндігін де қарастырған жөн.

Ипотека алған кезде қандай құжаттар сұрайды?

"Қазір Атыраудасың, ертең Павлодарда, бүрсігүні Алматыға көшуің мүмкін, сондықтан жалдамалы баспанаға басқаша көзқараспен қараған жөн, меніңше, жастар үшін мәселенің шешімі сол", - деп ойын түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

688
Кілт сөздер:
жалдамалы баспана, ипотека, Тимур Сүлейменов
Тақырып бойынша
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды
ТҮҚЖБ басшысы арзан ипотека алғысы келетіндерге кеңес берді
"Тарихта алғаш рет" ТҮҚЖБ салымшыларына қанша сыйақы төленетіні белгілі болды
Енді баспанасы барлар да "7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер алуы мүмкін
Қазақстанда 4 категориядағы адамдардың ипотекалық қарызы кешірілмек
Астанада мұғалімдер, дәрігерлер және полицейлерге миллион теңгеден берілді
Загрузка...