Горящая спичка, иллюстративное фото

Астанада тағы да бес бала тірідей өртеніп кете жаздады

1100
(Жаңартылды 14:34 09.02.2019)
Оқиға кезінде балалардың ата-анасы жұмыста болған

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады. Көп балалы ана түнгі уақытта жұмыста болған, ал әкесі жұмыс іздеп кеткен, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Ормановтар отбасы аядай үйде бес баласымен бірге он жыл бойы тұрады. Көп балалы ана қаладағы мейрамханалардың бірінің асханасында жұмыс істейді. Ал күйеуі жұмыссыз.

Жер кепеден өрт шыққан кезде, балалар үйде жалғыз болыпты. Пештің қасында тұрған ағаш үстел оттың қызуынан тұтанып, жана бастаған. Үйдің іші қою қара түтінге толған, ал балалар мұны байқамаған.

Оқиға кешкі тоғыздар шамасында болған. Алыс жолдан келген әке бөлменің ішін қаулаған түтінді көріп, жанұшыра балаларды сыртқа шығарыпты. Бұл уақытта көп балалы ана жұмыста болған.

"Жұмыс істемеуге лажым жоқ, басымызда несие, күйеуім жұмыссыз жүр",- деп мұңаяды Ақнұр Орманова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бала туғаны үшін ипотеканы өтеу ұсынылды

Перзенттерін уақытында құтқарып қалған әкенің қуанышында шек жоқ. Алайда аз ақшаны қайда жеткізуді білмей, өмір сүруден әбден шаршадық дейді.

"Екі қолға бір күрек" деген жұптың арманы мөлдіреген бүлдіршіндерді жеткізу. Сол үшін қолдарынан келгенше ақша тауып, балаларды аш қалдырмасақ дейді.

1100
Кілт сөздер:
жұмыс, балалар, ата-ана, өрт, көп балалы отбасы
Тақырып бойынша
Астанадағы бес баланың қазасы: Сұлтанов шұғыл жиын өткізді
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
"Туыстары түнде тексеріп кеткен": бес баланың өмірін қиған өрттің мән-жайы
Астанада жойқын өрт кезінде бір отбасы бес баласынан айырылды
Загрузка...