Жолбарыс

Жолбарыстың видеосы қазақстандықтарды дүрліктірді: министрлік түсініктеме берді

6141
(Жаңартылды 20:24 11.02.2019)
Бүгін желіде жол үстінде жүрген жолбарыстың видеосы жылдам тарап кетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қорқынышты роликке қатысты түсініктеме берді

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Бүгін таңертең алып жолбарыстың тасжол қоршауынан қарғып өтіп бара жатқаны көрініс тапқан видео қазақстандықтардың зәре-құтын қашырды. Кейінірек бірнеше БАҚ куәгерлердің сөзіне сүйеніп, оқиғаның Қызылорда облысындағы Ташкент – Самара жолында болғанын жазған еді.

Алайда көп ұзамай видеоның авторлары белгілі болды – бір күн бұрын ролик ресейлік БАҚ-та жарияланыпты. Сонымен, жолбарыс Хабаровск қаласынан 100 километр жерде Приморский және Хабаровск өлкелерінің шекарасында видеоға түсіп қалған.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жолбарыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Желіде Қызылорда облысында Амур жолбарысының жүргені туралы жалған видео жарияланды. Осы материалға қатысты түсініктеме беріп өтейін. Олар өткен ғасырда тіршілік еткен, бірақ қазір жойылып кетті. Екіншіден, жалған хабарға сенуге болмайды. Ақпаратты тексеру керек. Әсіресе БАҚ, оның ішінде мемлекеттік БАҚ. Үшіншіден, мұндай ақпаратпен жергілікті халықты қорқытуға болмайды. Төртіншіден, Қызылордада күн жылы, ондай қалың қар жоқ", - деп атап өтті баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ауыл шаруашылығы комитеті әртүрлі деректерді тексеруге көмектесіп, ақпарат ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

"Егер ертең қызылордалық балықшылар Арал теңізінде акула ұстапты немесе Каспий теңізінде сегізаяқ ұстапты деген видео алсаңыздар, ақпаратты тексеруді ұмытпаңыздар, болмаса бізге хабарласыңыздар, бірге ұстаймыз", - деп Ділдахмет ойын мысқылмен аяқтады.

6141
Кілт сөздер:
видео, жолбарыс, Қызылорда
Тақырып бойынша
Арыстан ұйқыдағы "сүйіктісін" оятамын деп бәлеге қалды - видео
Алматы зообағында сәби қауіпті жыртқышпен ойнады – елдің жағасын ұстатқан видео
Загрузка...