Аты аңызға айналған Қара майор  Борис Керімбаев

Аты аңызға айналған Қара майор өмірден озды

253
(Жаңартылды 11:52 12.02.2019)
Ең әйгілі ауған ардагері Борис Керімбаев 71 жасында дүние салды

АЛМАТЫ, 12 ақпан — Sputnik. Алматыда 12 ақпан күні таңертең Ауғанстан соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші отрядтың командирі, отставкадағы полковник, Қара майор деген атпен белгілі Борис Керімбаев ұзаққа созылған дертінен қайтыс болды.

Борис Керімбаев Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 30 жылдығы қарсаңында, 71 жасқа толғаннан кейін бір ай өткен соң өмірден озды.

Чествование легендарного Кара-майора Бориса Керимбаева
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Марқұм Борис Керімбаевты марапаттау сәті

Аты аңызға айналған Қара майор туған күнін ауруханада ауыр сырқатынан емделіп жатып өткізген еді.

11 ақпанда Қара майордың палатасында Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев болды. Ол Борис Керімбаевты кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 30 жылдығымен құттықтап, ҚР әскери барлауы алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төс белгісін тақты, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевтың палатасына барып, ҚР әскери барлауы алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төс белгісін таққан

Борис Керімбаевтың қазасы туралы ақпаратты Алматы қаласы қорғаныс істері департаменті мен ауған ардагерлерінің ұйымдары растады.

Қара майормен қоштасу күні мен уақыты кейінірек хабарланады.

Борис Керімбаев Алматы облысы Прудки ауылында 1948 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді.

1970 жылы В. Ленин атындағы Ташкент жоғары әскери командалық училищені тәмамдаған. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскері тобында мотоатқыштар взводының командирі болып бастады, ал үш жылдан соң барлау ротасының командирі болып тағайындалды. 1975 жылы Орта Азия әскери округіне ауыстырылған.

1980 жылы Керімбаев Алматы облысының Қапшағай қаласында Орта Азия әскери округінің арнайы мақсаттағы 22-ші жеке бригадасы базасында құрылған арнайы мақсаттағы 177-ші отрядының командирі болып тағайындалып, 1981 жылы Ауғанстанға аттанады.

Меймен қаласында Борис Керімбаев қолбасшылық еткен отряд ауған командирі Мовлади-Караның әскерін ойсырата жеңгеннен соң, командирді қара торы келбетіне байланысты Қара майор деп атап кеткен.  

1983 жылы бесінші желтоқсанда Борис Керімбаев 177-ші отрядтың командирі лауазымын тапсырып, әрі қарай қызметін Орта Азия әскери округінде жалғастырды. 1992 жылы полковник шенімен отставкаға шықты.

253
Загрузка...