Портфель

Бұрынғы вице-министр мәжіліс депутаты болды

291
(Жаңартылды 10:55 13.02.2019)
ОСК "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұржан Әлтаевты мәжіліс депутаты ретінде тіркеген

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, кеше Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевты ҚР парламенті мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген.

"Осыған байланысты, депутаттық корпус атынан жаңадан сайланған әріптесімді құттықтаймын", - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, Әлтаев Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірді.

Айта кетсек, экс-вице-министр бұған дейін мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің орнына келді.

291
Кілт сөздер:
Серік Сәпиев, депутат, Мәжіліс, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
"Пышақ ала жүгірді" Астаналық депутат-модель қалай соққыға жығылғанын айтып берді
Қазақстанда 35 мүгедек жан мәслихат депутаты болып сайланды
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы мәдениет министрі мәжіліс депутаты болды
Загрузка...