Нұржан Әлтаев

Жаңа сайланған депутат: Қазақстанда бір баланы асырауға 20 мың теңге жетеді

7274
(Жаңартылды 14:30 13.02.2019)
БАҚ өкілдері депутат Әлтаевтан көп балалы отбасыларды қолдау мәселелерін қалай шешуге болатынын сұрады

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бүгін ғана мәжілісте ант берген депутат Нұржан Әлтаевтың пікірінше, Қазақстанда бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, бүгін мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минитрі Нұржан Әлтаевтың депутат болып сайланғаны белгілі болды.

Мәжіліс кулуарында журналистер су жаңа депутаттан еңбек министрлігінен неге дәл осы қиын уақытта кетіп қалғанын сұрады. Әлтаев мұның тек сәйкестік екенін, депутаттар қатарына баяғыдан қосылғысы келіп жүргенін ашық айтты.

"Алғаш рет мәжіліс депутаттығына 2004 жылы үміткер болдым, ол кезде елдегі ең жас кандидат мен едім. Өкінішке қарай, өтпей қалдым. Екінші рет сайлауға 2016 жылы қатыстым. Сол кезде "Нұр Отан" партиясынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне кіріп, резервте тұрдым", - деді ол кулуарда.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Әлтаевтан елдегі көп балалы отбасыларды қолдау мәселелерін қалай шешуге болады деп сұрады.

"Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткілікті деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін", - деді мәжілісмен.

Бұған қоса, Әлтаев депутат ретінде айына қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін мәлімдеді. Депутаттардың баспанасына қоныс аудармаған, жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұрады екен.

7274
Тақырып бойынша
Көп балалы аналар Қызылорда әкімдігіне жиналды – видео
Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр
Ғалым қазақтардың көп балалы болуының себебін түсіндірді
Бақыт Сұлтанов: Көп балалы аналардың ешбірінің арызы назардан тыс қалмайды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

44
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

44
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

25
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

25
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті