Серік Жұманғарин

"Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео

1743
(Жаңартылды 18:02 13.02.2019)
Жауапты шенеуніктің жауабы желі қолданушыларының наразылығын тудырды

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Желіде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына берген жауабы қызу талқыланып жатыр. 

Журналист вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған.

"Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте тарифтер туралы айттым. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер", – деп Жұманғарин бірден жауап беруден бас тартты. 

Осы кезде басқа тілші "онда шағын және орта бизнес туралы айтайық" дегенде вице-министр қарсы емес екенін білдіреді.   

"Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған ресми келіңіздерші, мен сізге тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші", – деген ұлттық экономика министрінің орынбасары басқа сұрақтарға жауап беруге көшеді.

Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Біреулер тариф үшін бұл кісіге президент желтоқсанда Қауіпсіздік кеңестің отырысында сөгіс жариялағанын еске алып, "содан "тариф" сөзін естісе төбе шашы тік тұрады" деп жазып жатса, енді біреулері тілшілердің жауапты шенеунікке кез келген жерде кез келген сұрақты қоюға құқығы бар екенін айтады.

1743
Кілт сөздер:
видео, вице-министр, Ұлттық экономика министрлігі, Серік Жұманғарин
Тақырып бойынша
Шымкенттегі ерекше әжетхана желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті
"Нағыз батыр!" Қазнетте әкімнің ерекше костюмі қызу талқыға түсті
Желіде Маңғыстау облысындағы қуғынның видеосы жылдам тарап жатыр
Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда
Загрузка...