Ажырасу

"Ажырасу 720 теңге тұрады" Қазақстанда соттасу қымбаттауы мүмкін

355
(Жаңартылды 12:01 14.02.2019)
Сенаторлар ұсақ-түйек мәселелердің сотқа түсуін азайту мақсатында мемлекеттік бажды көбейтуді ұсынды

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың пікірінше, мемлекеттік баждың соттағы мөлшері медиатор қызметінің құнынан кем болмауы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жақып Асанов
© Photo : Генеральная прокуратура Республики Казахстан

Бүгін сенатта "Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Конституциялық заңының жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы соттардағы мемлекеттік бажды көтеруді ұсынды. Айтуынша, біздің елде мемлекеттік баждың соттардағы мөлшері өте төмен.

"Мәселен, көршімен соттассаңыз, 1200 теңге төлейсіз. Ажырасу – 720 теңге. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың жеке тұлғалардың құқықтарына қысым жасайтын заңсыз іс-әрекеттеріне 950 теңге төлейсіз. Ал әлемнің дамыған мемлекеттерінде соттасу көп шығынды қажет етеді", - деді ол.

Психолог келіншектер неге отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтты

Мысалы, оның айтуынша, Англияда төменгі сотқа талап етудің ең төменгі алымы – 17 мың теңге. Округтік апелляциялық сот – 68 460 теңге, жоғарғы сотта – 117 360 теңге. Ал Франция мен Германияда 15 мың теңге болса, көрші Ресейде 10 мың теңгені құрайды екен.

"Осыған байланысты ұсақ-түйек мәселелердің сотқа келуін азайту мақсатында мемлекеттік баждың соттардағы мөлшерін көтеруге қатысты пікіріңізді білгім келеді", - деді Бақтиярұлы.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов статистиканы мысалға келтірді.

"Осыдан үш жыл бұрын, 2016 жылы соттардың қараған істері мен материалдарының саны 1,7 миллион болған. 2017 жылы – 2,7 миллион. Ал былтыр өсім 68% болды, яғни сотта 4,5 миллион іс пен материал қаралған. Бұл салмақтың бәрі бірінші сатыдағы судьялардың мойнына түседі. Егер ешқандай шара қабылдамасақ, биыл соттар қарайтын істер саны 9 миллионға жетуі мүмкін", - деді Асанов.

Ол сенат депутаты көтерген мәселемен келісетінін атап өтті.

Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры туралы айтты

"Бізде қаралатын істердің 85 проценті – азаматтық даулар. Ондағы мемлекеттік баждың құны 5 мың теңгеден аспайды. Сіз айтқандай, ажырасу бізде 720 теңге тұрады, ал Беларусьте теңгеге шаққанда 13 мың теңге, Украинада – 19 мың теңге. Сосын көршімен жерге талассаңыз, 1203 теңге төлейсіз. Көбісі мемлекеттік баж өте төмен болғандықтан, татуласудың, келісудің жолын іздемейді. Медиаторға жүгінбейді, өйткені ол қымбатқа түсуі мүмкін, сондықтан тікелей сотқа барғанды жөн көреді", - деді жоғарғы сот төрағасы.

Асанов мүдделі органдармен келіссөз жүргізіліп жатқанын, 20 наурызға дейін тиісті заң жобасы мәжіліске енгізілетінін айтты.

"Менің ойымша, бұл мәселе де ол құжатта шешілуі керек. Әрине, көп көтеруді мақсат етіп отырған жоқпыз. Кемінде медиаторлардың қызметінің құнынан кем болмауы керек деп есептейміз", - деді Асанов.

Айта кетсек, сенат мәжіліс мақұлдаған "Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Конституциялық заңының жобасын қабылдады.

355
Кілт сөздер:
қымбаттау, ажырасу, соттасу, Жақып Асанов
Тақырып бойынша
Асанов: судьяның өзі түсінбейтін сот актісін қарапайым адам қалай түсінсін?!
"Алматы мен Астананың судьялары жылап жүр". Асанов сот жүйесіндегі проблеманы атады
Асанов сотталған құдағи мен мал бағу құқығынан айырылған бақташы туралы айтты
"Қанына сіңіп кетеді": Жақып Асанов көп уақыт бастық болудың салдары туралы айтты
Асанов "көп сөйлейтін" спикерлерді тоқтатудың амалын тапты
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

16
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

16
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

435
(Жаңартылды 16:21 08.08.2020)
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде жүргізушілер Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру мүмкіндігін пайдалана алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдей түсетін болды. Бұл туралы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Апта басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. Ішкі істер министрлігіне цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министр Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз", – деп жазған Мусин алдағы уақытта ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайтуға жұмыс істеу қажеттігін атап өткен.

"Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-ті автосалоннан сатып алынатынын көрсетті. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық. Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады", – деді Мусин.

Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейтініне тоқталған ол, өзге автосалондарды өз клиенттеріне осылай қызмет көрсетуге шақырды. Ол үшін азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет.

"Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды. Жүргізушілер үшін тағы бір кішігірім жаңалық. Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру қызметі жұмыс істеуде", – деп толықтырды ол жазбасында.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды

Айта кетейік, осы кезге дейін ұлттық ақпараттық технологиялар агенттігі мен бас прокуратура бұл қызметтің eGov.kz қолжетімділігін пысықтау барысында қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселені анықтаған болатын. Сондай-ақ, арнайы есеп және құқықтық статистика комитетімен келіссөз жүргізу нәтижесінде айыппұлдарды Qamqor арқылы тексеру қалпына келтірілген.

"Біздің мақсатымыз – барлығын eGov.kz арқылы емес, керісінше азаматтарға әртүрлі платформалар арқылы қызмет алу мүмкіндігін ұсыну", – деді Мусин.

435
Кілт сөздер:
көлік, ХҚКО, Бағдат Мусин
Тақырып бойынша
Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді