Сот

Ресейде 5 адамның өліміне себепші болған қазақстандыққа қатысты тың мәлімет шықты

639
(Жаңартылды 17:07 18.02.2019)
Белгілі болғандай, жүргізуші Түркістан облысында туған

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Екатеринбург маңында бес адамның өмірін қиған жол апатына себепші болған Қазақстан азаматын қамауда ұстау мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өткен жылдың 29 қарашасында Екатеринбург қаласының маңында ірі жол апаты болған еді. Қазақстан азаматы жүргізген жүк көлігінің тіркемесі қарсы бетке шығып кетіп, үш көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан Ресейдің бес азаматы қаза болды.

"Қазіргі таңда қазақстандық Челябі облысының Касли қаласында тергеу изоляторында отыр. Оны қамауда ұстау мерзімі 1 сәуірге дейін созылды",- деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Белгілі болғандай, жүргізуші –  Түркістан облысының тумасы.

"Біздің консул оған консулдық және құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

639
Кілт сөздер:
жол апаты, Түркістан облысы, Ресей
Тақырып бойынша
АҚШ-та ұсталған қазақстандық қыздың не бүлдіргені белгілі болды
Ресейде қазақстандық қыз қаза тапты: жергілікті халық марқұмның отбасына ақша жинап берді
Үндістанда ұсталған қазақстандыққа қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Ресейде бес қазақстандық қаза болды
Нью-Йоркте ұсталған қазақ қызының сот алдына қашан келетіні белгілі болды
Загрузка...