Аким Астаны Бахыт Султанов на отчетной встрече с населением

Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті

5093
(Жаңартылды 12:23 20.02.2019)
Елордада қала әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтіп жатыр

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астанадағы көп балалы аналарға пәтер жалға беріліп, кейін оны сатып алуына мүмкіндік жасалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Кездесу барысында қала басшысы жуырда бүкіл елді есеңгіреткен бес бес баланың қазасына тоқталды.

"Бес бүлдіршіннің қазасы бәріміздің еңсемізді түсіріп, көңілімізге қаяу салды. Осы бір оқиға көп балалы аналардың мәселесімен қатар, басқа да әлеуметтік проблемалар бар екенін көрсетті. Жасырмаймыз, қауіпсіздік тұрғысында жедел шешуді талап ететін мәселелер бар. Ендеше, біздің басты міндетіміз – осы кедергілерді жою және мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу", - деді Сұлтанов.

Ол қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.

"Біз көп балалы аналарға пәтерлерді жалға береміз. Жалға беріп қана қоймай, оны бірте-бірте сатып алуына мүмкіндік жасаймыз. Яғни, енді ай сайынғы маңдай терімен тапқан қаржыны пәтер иесінің қалтасына салмай, оны түбінде меншігіне өтетін өз шаңырағына құятын болады", - деді әкім.

Қала басшысы бұл жоспардың қалай іске асырылатынына тоқталды.

"Өздеріңіз білесіздер, қала маңындағы ескі үйлер сүріліп жатыр. Олардың орнына заманауи талапқа сай, биік, көп қабатты, айналасында мектеп, балабақша, емхана, дәріханасы, тағы басқа әлеуметтік инфрақұрылымы қамтылған тұрғын үйлер салынып жатыр. Яғни, көп балалы аналарды пәтермен ғана қамтып қоймай, бүгінгі күннің керегіне сай жағдайлармен қамтамасыз ететін боламыз",- деп сендірді Сұлтанов.

5093
Кілт сөздер:
Бақыт Сұлтанов, Астана
Тақырып бойынша
Шымкентте көп балалы отбасыларға берілетін көмек 100 мың теңгеге көбеймек
Алматы облысында белгісіз біреу көп балалы отбасыға үй алып берді
Шымкент әкімдігіне жиналған көп балалы аналар әкімнің өзі келуін талап етті
Астанадағы көп балалы отбасылар мәселесі: Сұлтанов бірқатар шешім ұсынды
Загрузка...