Астана

"Күні кеше бір бала табылды" Сұлтанов астаналықтарды сақ болуға шақырды

305
(Жаңартылды 12:08 20.02.2019)
Елорда әкімдігі құдықты салғандар мен оны ашық қалдырғандарға қатысты шаралар қабылдап жатыр

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қалада ашық қалатын құдықтардың проблемасына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сұлтановтың айтуынша, құдықтардың ашық немесе жабық екені бейнекамералардың көмегімен анықталып жатыр.

"Бұл үлкен ауру, сіздер білесіздер, адам өліміне әкеп соққан оқиғалар бар, күні кеше ғана бір бала табылды. Біз құдықтарды салғандар мен оларды ашық қалдырғандарға қатысты түрлі шара қолданып жатырмыз. Коммуналдық қызметтерден күн сайын аралап, қадағалап жүруін сұраймыз", - деді әкім халыққа есеп беру кездесуінде.

Ол күзден бері мыңдаған құдықтың ашық қалғаны анықталғанын атап өтті.

"Қала тұрғындарының iKomek жүйесі бұл проблемаға бей-жай қарамайтыны қуантады. Ашық қалған құдықтар туралы ақпар түскен сәтте-ақ, шара қабылдауға тырысамыз. Бірақ оларды үнемі ұрлап кетеді. Құдықтың бетін жабасың, таңертең жоқ болып шығады. Азаматтарға тағы бір мәрте айтарым, сақ болыңыздар. Дер кезінде хабар беруді сұраймын", - деген әкім металл қабылдайтын орындарға қатысты шаралар да қолға алынғанын айтты.

305
Кілт сөздер:
Бақыт Сұлтанов, әкімнің халыққа есеп беру кездесуі, кәріз құдығы
Тақырып бойынша
Астанада кәріз құдығынан қыздың денесі табылды: полиция тергеуді бастады
Ерікті әйел кәріз құдығына құлап кетіп, жоғалған баланы тауып алды
Көкшетауда құтқарушылар әйелді кәріз құдығынан шығарды
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды
Загрузка...