Қоғам

Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді

© Photo : CC0 / Steve BidmeadМусульманка
Мусульманка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей мүфтилер кеңесінің өкілдері мұсылман жастары тақырыбына арналған алдағы шараны талқылау үшін Астанаға келді

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстан мен Ресей діни басқармаларының басшылығы "Діни Жібек Жолы: Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаменті.

Конференция 10-12 сәуір аралығында Астанада өтеді.

Ислам әлеміндегі алдағы шара Ресей мүфтилері кеңесі және Ресей Федерациясының мұсылмандары діни басқармасы делегацияларының сапары кезінде талқыланды, қонақтарды екі ұйым төрағаларының бірінші орынбасары Рушан әзірет Аббясов бастап келді.

© Photo : Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаментіРМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді - Sputnik Қазақстан
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті

Елордада Рушан Аббясов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің, ҚМДБ халықаралық бөлімінің, сондай-ақ Ресей мүфтийлері кеңесі мен Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы халықаралық бөлімінің өкілдері қатысты.

Рушан Аббясов Ресей мен Қазақстанның мүфтияттары өте жылы қарым-қатынаста екенін атап өтті.

Ол Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 жылғы Мәскеуге және Саратов облысына ресми сапарын еске түсіріп, Ресей мүфтилері кеңесіне әлі күнге дейін Қазақстан мұсылмандары басшысымен кездесу туралы жылы пікірлер айтылатынын атап өтті.

© Photo : Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаментіРМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді - Sputnik Қазақстан
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті

Ал ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы, ҚМДБ басшылығы мен қазақстандық мұсылман қауымы Мүфти шейх Равиль Гайнутдиннің басшылығындағы діни басқармалардың жұмысын жоғары бағалайтынын атап өтті.

"Ресей мүфтилері кеңесі мен Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының әртүрлі салалардағы бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік конфессияаралық қарым-қатынастарды реттеу, басқа дін өкілдерімен диалогты тереңдету бойынша тәжірибесі біз үшін үлгі. Біз Қазақстан Республикасының президенті мен Мүфти шейх Равиль Гайнутдиннің арасында қалыптасқан сенімді қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалаймыз", - деді Наурызбай қажы Өтпенов.

© Photo : Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаментіРМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді - Sputnik Қазақстан
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті

Тараптар кездесу барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Астанада "Діни жібек жолы" халықаралық конференциясын өткізу туралы бастамасын іске асыру жайын талқылады.

Алдағы конференция жайлы айта келіп, тараптар осындай шаралар аймақтағы мұсылмандардың байланысын нығайтуға ықпал етеді деген пікір білдірді. Ислам туралы білім беру, мәдени-ағарту жобаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу Еуразия кеңістігінің мұсылмандары үшін өте маңызды, деп мәлімдеді Рушан Хазрат.

© Photo : Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаментіРМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді - Sputnik Қазақстан
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті

"Біріксек қана біздің қоғамымыз бен мемлекеттерімізге пайдамызды тигізіп, қауіп-қатерлерге қарсы тұрып, аймақтың діни мұрасының жоғалған дәстүрлерін қалпына келтіре аламыз", - деп мәлімдеді ресейлік діни қайраткер.

© Photo : Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаментіРесей мүфтилері кеңесі және Ресей Федерациясының мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Астанаға сапармен келді
Мұсылман жастары зайырлы елдерде қалай өмір сүреді – Астанада дінбасылар слеті өтеді - Sputnik Қазақстан
Ресей мүфтилері кеңесі және Ресей Федерациясының мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Астанаға сапармен келді

Кездесу соңында ресейлік делегация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа кешеніне экскурсия жасады.

Жаңалықтар
0