Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

107
Қазақстанда бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. Мереке үшінші жыл аталып өтіп жатыр.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді", - деді Назарбаев.

Президент атап өткендей, Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Празднование Наурыза
© Sputnik / Максим Богодвид

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Қазіргі таңда біз ауқымды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алдық", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Назарбаевтың айтуынша, ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

"Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді", - дейді президент.

Мемлекет басшысы әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін деп тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, Назарбаев әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тіледі.

107
Кілт сөздер:
құттықтау, Алғыс айту күні, Назарбаев
Загрузка...