Қар құрсауы

Қазақстанның қай облыстарында тасжолдар жабылды

203
(Жаңартылды 09:58 04.03.2019)
 Бұрқасын, жолдың нашар көрінуі мен көктайғақ автожолдарды жабуға себеп болды

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығынан жолдар жабылды.

"Қазақавтожол" компаниясының мәліметінше, Ақмола облысында "Алматы - Екатеринбург" тасжолы (1275-1353 километр, Астанадан Қарағанды ​​облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрі үшін жабылды. Себеп – бұрқасын мен көктайғақ.

Қарағанды ​​облысында Ақмола облысының шекарасынан Теміртауға дейін (1353-1446 километр)  "Алматы – Екатеринбург"  жолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысы тоқтатылды. Жолдың жабылу себебі: көктайғақ және жолдың нашар көрінуі.

Сондай-ақ өңірде жүк және қоғамдық көліктер үшін Қарағанды –Ақсу-Аюлы ауылы (1492-1610 километр) жолы жабылды.

Бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Жезқазған-Петропавл жолында (24-136 километр, Сәтпаев қаласынан Ұлытау елді мекеніне дейін) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысында боран соғып тұр, осыған байланысты "Орал-Тасқала-Ресей шекарасы" автожолындағы Переметное ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі (31-104 километр) учаске жабылды. Мұнда көлік құралдарының барлық түріне жүруге тыйым салынған.    

203
Кілт сөздер:
ауа райы, көктайғақ, бұрқасын
Тақырып бойынша
"Билікте маңызды өзгерістер болады" Астролог наурыз айына болжам жасады
"Мезгіл жетті": Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын тойлауды түбегейлі өзгертуді ұсынды
Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Загрузка...