Жолаушылар пойызы, архивтегі сурет

Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады

324
Алдағы мерекелер қарсаңында ұлттық тасымалдаушының вагон паркін 100 процент жұмылдыру көзделіп отыр

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алдағы көктем мерекелері қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша біржолғы пойыздарды жолға шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наурыз мерекесі кезінде қосымша жолға шығатын пойыздар:

  • №202/201 Астана-1 – Павлодар бағытында, Астана-1 теміржол вокзалынан 20, 24 наурыз күндері  жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
  • №204/203 Астана-1 – Алматы-1, Астанадан 20, 24 наурызда, ал  Алматыдан  21, 25 наурызда шығады;
  • №205/206 Алматы-2 – Арыс-1,   Алматыдан 7, 21 наурыз, ал Арыстан  9, 23 наурыз күндері қатынайды;
  • №241/242 Қызылорда – Атырау,  Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан  21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді;
  • №49/50  Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Оралдан 16 наурызда кері қатынайды.

"Компания пойыздардың жолаушылармен толуын әруақытта қадағалап, арнайы сараптама жүргізіп отырады. Осы сараптама негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен пойыздар іске қосылады", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы мерекелер қарсаңында вагон паркін  100% жұмылдыруды көздеп отыр.

324
Кілт сөздер:
жолаушылар, пойыз, Наурыз мейрамы
Тақырып бойынша
Нумеролог наурыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
"Мезгіл жетті": Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын тойлауды түбегейлі өзгертуді ұсынды
"Күн суытады" Наурыз айындағы ауа райына болжам
"Билікте маңызды өзгерістер болады" Астролог наурыз айына болжам жасады
Загрузка...