Ана мен бала

Шетелдікке тұрмысқа шығып, ажырасқан келіншек баласынан айырылып қала жаздады

1531
Қазақстандық әйелдің бұрынғы күйеуі баласын алып қашып кеткен

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ресей азаматына тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен қазақстандық Дана Амеева баласын бір жылдан соң қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, былтыр қазақстандық әйел ведомствоға көмек сұрап келіпті.

"Ол Ресей азаматына тұрмысқа шыққан екен. Кейінірек Калининград қаласына көшіпті. Отбасында болған кикілжіңнен кейін ерлі-зайыпты ажырасып кетеді. Екеуі 2 жылдай ғана некеде тұрған, сол себепті Калининград соты "бала анасымен қалсын" деген үкім шығарады. Алайда әкесі сот шешімін орындағысы келмей, ұлын алып, Беларусь арқылы Еуропа елдеріне қашып кеткен. Олар сол беті хабар-ошарсыз кетеді", - деді ресми өкіл.

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жұрттың ашуын туғызды - видео

Смадияров айтып өткендей, Қазақстан тарапы Ресейдің барлық құзырлы органына хабарласып, Дана Амееваның бұрынғы күйеуінің қайда жүргенін анықтай алмаған. Әке мен бала жуырда ғана табылыпты.

"Әкесі мен баласы бір ай бұрын Калининград қаласынан табылды. Жергілікті билік өкілдеріне бірден хабарласып, сот үкімін орындауды сұрадық. Сот приставы мен Дана Амеева баласын көруге барды. Бір жылдан астам бір-бірін көрмеген ана мен бала ұзақ уақыттан соң қайта қауышты", - деді ол.

Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілінің айтуынша, Дана Амееваның бұрынғы күйеуі заңды өрескел бұзып отыр.

Психолог: қыздардың шетел азаматына күйеуге шыққаны балаларына жақсы

"Әкесі баласының Ресей азаматтығын алғалы жатқанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетті. Бірақ бір сұрақ туындайды. Егер бала Қазақстан азаматы тіркеуінен шықпаса, Ресей азаматтығын қалай алады? Сондықтан бұл – өте күрделі мәселе. Шешуге тырысып жатырмыз. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі консулы осы мәселені өз бақылауына алған", - деп Айбек Смадияров сөзін түйіндеді.

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық әйел ізім-ғайым жоғалып кетті

1531
Кілт сөздер:
бала, ажырасу, қазақстандық әйел, Ресей азаматы
Тақырып бойынша
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Шетелдік күйеу балаға 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды
"Ұят қой!" Көшедегі адам өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызына ұрысты
Загрузка...