Женщина с детьми стоит у жилого дома, архивное фото

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді

3037
(Жаңартылды 11:35 06.03.2019)
Нұрсұлтана Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары артады

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары көбейеді. Өйткені биыл осы жәрдемақыны тағайындау кезінде есепке алынатын кедейшілік шегі ұлғайтылды. Осы және өзге де өзгерістер туралы ҚР президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Аида Балаева Sputnik Қазақстан агенттігіне егжей-тегжейлі баяндап берді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының съезінде көпбалалы және тұрмысы төмен қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді.   

Әлеуметтік көмек алуға қалай өтініш беруге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегіне де жетпейтін азаматтарға тағайындалады.

Бүгінгі таңда кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын немесе 14 849 теңгені құрайды.

"Елбасының тапсырмасына сәйкес, енді кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 емес, 70 пайызын құрайды. Демек, бұл 20 789 теңге деген сөз", - деп мәлімдеді Балаева.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда бұл әлеуметтік көмекке жүгінетін азаматтардың саны күрт артады деп болжанып отыр. Яғни, осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендердің қолына 14 849 теңге тисе, енді 20 789 теңге берілмек.

Жаңа өзгеріске сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тіркетуде азаматтардан көп құжат сұралмайды.

"Елбасының тапсырмасы бойынша, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл процедура оңтайландырылады. Жаңа тәртіп бойынша, Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ауылдық округ әкімдері арыз толтырушыдан қосымша құжат сұратпайды. Азаматтар жеке басын куәландыратын құжатпен арнайы мекемеге келіп, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жазады, болды", - дейді ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Аида Балаева.

Айта кетелік, осыған дейін тәртіп бойынша, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда құзырлы органдар азаматтарға қосымша құжаттар жинататын. Мысалы, банктің шоты, баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік деген сияқты. Енді осы қағазбастылықтың көзі жойылмақ.

Отбасының "пропискасы" жоқ болса не істеу керек?

Сондай-ақ Балаева жәрдемақыны тағайындауда азаматтардан тұрғылықты мекен-жай анықтамасы неліктен талап етілетінін түсіндіріп берді.

"Өйткені атаулы көмекке ақша жергілікті бюджеттің қаржысынан қарастырылады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мұндай міндетті талап болмаса, онда алаяқтыққа жол берілуі мүмкін. Мәселен, атаулы көмекке жүгіне алатын адам ол ақшаны тұрақты тіркелген мекен-жайы бойынша да, сол секілді уақытша тұратын мекен-жайы бойынша да аудартып алуы ықтимал ғой", -дейді ол.

Халықты көп алаңдатып отырған мәселе де осы тұрақты мекен-жай тіркеуі. Себебі тұрмысы төмен отбасылардың көбісі пәтер жалдап тұрады. Тұрақты тіркеуі жоқ. Мұндай жағдайда қайтпек керек? Бұған Балаева былай жауап қатты:

"Егер отбасының ешқандай да тұрғылықты мекен-жай тіркеуі болмаса, онда олар жалдап тұрып жатқан үй иесінен өздерін тіркеуге алуын талап етуі тиіс. Заңға сәйкес, үйін жалға беретін меншік иелері пәтерін жалдаушылардың барлығын тіркеуге тұрғызуға міндетті. Уақытша болсын, тұрақты болсын тіркеу жасауы тиіс", - дейді ол.

Ал егер үй қожайыны пәтер жалдаушыларды мекен-жайына тіркеуден бас тартса, онда бірден полицияға немесе әкімдікке шағым түсірген абзал. Заңда оларды жауапқа тарту бойынша нақты шаралар қарастырылған.

"Заң бойынша пәтерін жалға беретін тұрғын үй иелері салық төлеуге міндетті. Ал оны елемейтін жалға берушілер жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері тұрғын үйге кезекке қалай тұрады?

 Аида Балаеваның айтуынша, Балалар үйінен түлеп шыққан жастар үй кезегіне тұруы үшін оқып жатқан оқу орындарының жатақханасына міндетті түрде тіркелуі тиіс.

"Балалар үйінен түлеп шыққан жастардың үй кезегіне тұруы үшін міндетті түрде тұрғылықты мекен-жай тіркеуі болуы тиіс. Бұл ретте олар өзі оқып жатқан колледждің немесе ЖОО-ның жатақханаларына тіркеле алады. Ал егер Жастар үйінде тұратын болса, онда сол араға тіркелгені дұрыс", - дейді ол.

Айта кетелік, бұл жаңа өзгерістерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын қазақстандықтар 2019 жылдың 1 шілдесінен ала бастайды. Бұл туралы алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім еткен еді.

3037
Кілт сөздер:
атаулы әлеуметтік көмек
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Аймағамбетовтің жолдаған хаты туралы ұстаздар айта бастады

6
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардың жеке почтасына арнайы хат жолдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы instagram желісіндегі парақшасына білім министрінен мотивацияға толы хат алғанын жазды.

"Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пайда болғандай, жігерлендім", – деп жазды автор.

Сондай-ақ, ол қарапайым ұстаз ретінде министрден жылы лебізге толы хат алғанына қуанып, мамандығына деген құрметі артқанын атап өткен.

"Шынымды айтсам, өз мамандығыммен кеудемді мақтаныш кернейді. Неге дейсіз ғой?! Себебі, біз адаммен жұмыс істейміз. Жәй қарапайым адаммен емес, еліміздің жарқын болашағын жасайтын бақытты балалармен жұмыс істейміз. Иә, мына пандемия бәріміздің еңсемізді түсіріп тастағаны рас. Бұл қиын кезеңде біздің жұмысымыз екі есеге өсті. 4 тоқсанда 3 сағаттық ұйқымен телесабақтар өткізген күндер де болды. Міне, жаңа оқу жылына да телесабақтарға қызу дайындықтамыз. Осындай нағыз қолдауды қажет ететін сәтте министр мырзадан мотивацияға толы хат келгенде, еңсемізді тіктеп, жұмысқа деген шабыт оянады екен. Алғысым шексіз", – деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Толқын Батырбайқызы (@janatolkyn)

Сонымен қатар, автор бүгінгі таңда ұстаздарға балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отырғанын жеткізді.

"Сондықтан, қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта білу. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз, деген жігерге толы хат бізді алға жетелегендей", – деп жазады ұстаз.

Аймағамбетов ұстаздарға арнаған хатында не жазды

Министр өз хатында әріптестерінің қазіргідей қиын кезеңде отбасымен бірге аман-есен, денсаулығына еш қауіп төнбейтін жағдайда жүр деп үміттенетінін білдірген.

"Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда", – деп жазады министр.

Сондықтан да, туысы мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын деген Аймағамбетов кез-келген қиындық бізді шыңдай түсіп, мұндай сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты ететініне сенім артқан.

"Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз", – деп ол жүрекжарды лебізін білдірген.

"Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей "Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты". Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайтынын атап өткен министр әрбір ұстазға төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегі үшін тағы бір мәрте рақметін жеткізген.

"Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін. Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз. Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді! Жаңа оқу жылында жолыққанша!", – деп түйіндейді министр.

6
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, ұстаз
Тақырып бойынша
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Пробирка

Өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны анықталды

91
(Жаңартылды 13:38 09.08.2020)
Коронавирус анықталған 428 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша 664 адам дерттен айығып шықты, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 428 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174 / 78
  • Алматы қаласы - 151 / 73
  • Шымкент қаласы - 24 / 13
  • Ақмола облысы - 39 / 22
  • Ақтөбе облысы - 10 / 5
  • Алматы облысы - 23 / 16
  • Атырау облысы - 41 / 35
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78 / 30
  • Жамбыл облысы - 30 / 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 55 / 24
  • Қарағанды облысы - 90 / 27
  • Қостанай облысы - 30 / 13
  • Қызылорда облысы - 6 / 6
  • Маңғыстау облысы - 29 / 24
  • Павлодар облысы - 26 / 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40 / 11
  • Түркістан облысы - 26 / 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 98 701.

Ведомство таратқан дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда 664 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 273.

91
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты