Қоғам

Сәкен Майғазиев: Көкемнің жақындарының жүрегін ауыртқаннан мүйіз шыға ма?

CC BY-SA 3.0 / Dana Kamzabek / Сакен Майгазиев
Сакен Майгазиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде Алтынбек Қоразбаев дүниеден өтті деген жалған ақпарат тарап кетті

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде халық әртісі Алтынбек Қоразбаев дүние салды деген қаралы хабар тарап жатыр. Елді дүрліктірген ақпаратты композитордың шәкірті, МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Twitter, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ жалған ақпарат тарату фактісіне қатысты мәлімдеме жасады
Телефонына тыным болмаған соң композитор шәкіртіне "елді тыныштандыршы!" деп қолқа салған екен.

"Құдайдан қорықпағаннан қорық" деп қазақ бекер айтпайды. Осындай жалған ақпаратты таратып, көкеміздің жақындарының жүрегін ауыртқаннан мүйіз шыға ма?! Көкеміздің жағдайы жақсы, аман-есен. Таңертең де, қазір де хабарластық. Бұл жазбаны көкемнің өтініші бойынша жазып отырмын (Телефонына тыным болмай жатқан көрінеді). Көке жүзге келген тойыңызды тойлауға жазсын!", - деп жазды ол инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Алтынбек Қоразбаев өткен жылы ғана 70 жылдық мерейтойын туған жері – Жамбыл облысы Меркі ауылында көкпар беріп, дүркіретіп өткізген болатын. 

Жаңалықтар
0