Қоғам

Қазақстандағы ең бай 5 адам кім?

© PhotoМонеты, недвижимость
Монеты, недвижимость - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық байлардың арасында көш бастаған Владимир Ким бір жылдың ішінде әлемдік рейтингте 766-орыннан 424-орынға дейін көтерілді

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Forbes журналы 2019 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингісін жариялады. Тізімге 5 қазақстандық кірді.  

1-орында Владимир Ким тұр. Оның дәулеті – 4,5 миллиард доллар.

Женщина за рабочим столом - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемдегі ең бай әйел анықталды
Әлемдегі ең ауқатты адамдардың арасында 424-орыннан көрініп отыр. KazMinerals компаниясының негізгі акционерінің дәулеті өткен жылы 3,2 миллиард доллардан 4,5 миллиард долларға өскен. Forbes-тың 2018 жылғы тізімінде ол 766-орында болған.

2-орынға Болат Өтемұратов жайғасты. Оның дәулеті 3,4 миллиард долларға бағаланды. Әлемдегі ең ауқатты азаматтардың тізімінде 645-орында. 2018 жылы Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың тізімінде 3-орында болған, әлем бойынша 924-орыннан көрінді. Қазақ кәсіпкері өткен жылы 800 миллион доллар табыс тапқан.

Болат Өтемұратов – АТФ Банкінің негізін қалаушылардың бірі. Ол ForteBank, НАРХОЗ университеті, RG Gold алтын өндіру компаниясы, Қазақстандағы, Informburo порталы, Global Development жылжымайтын мүлік компаниясы және түрлі салада жұмыс істейтін басқа да компанияларға иелік етеді.

3 және 4-орында Қазақстандағы ең бай отбасы – Тимур және Динара Құлыбаевтар. Әлемдік байлардың тізімінде 715-орында (2018 жылы 729-орын) тұр.

Әрқайсысының дәулеті 3,1 миллиард долларды құрайды. Олар жалпы $6,2 миллиард долларға иелік етеді.

Өткен жылы ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың әрқайсының байлығы 3,2 миллиард долларға бағаланған.

Биыл еліміздегі ең бай адамдардың рейтингісінде олар 1-орыннан 3-орынға сырғыған.

Драгоценности, золото. - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тарихтағы ең бай адам кім екені белгілі болды
Ерлі зайыптылар АЛМЭКС компаниясына иелік етеді. Оның құрамында жүзге жуық компания бар. Олардың негізгісі – "Халықбанк" АҚ. 2017 жылы аталған банк"Қазкоммерцбанкті" сатып алды.

Сондай-ақ Динара Құлыбаева "Мирас" халықаралық мектептер желісіне иелік етеді.

5-орында – Әлижан Ибрагимов. Ол – әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 1008-орында (2018 жылы 1070 орында) тұр. Оның табысы өткен жылмен салыстырғанда артпаған, дәулеті – 2,3 миллиард доллар.

Ең бай қазақстандықтардың жалпы байлығы 16,4 миллиард долларға жетті.  

Айта кетейік, бай-бағландардың дәулеті туралы жазатын АҚШ-тың Forbes журналы аталған рейтингті 2019 жылдың 5 наурызында жариялады.

 

Жаңалықтар
0