Құрт

ДДҰ мамандары құрт пен айранның неге қауіпті екенін айтты

31484
(Жаңартылды 19:56 09.03.2019)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан тұрғындарын тұзды тұтыну көлемін азайтуға шақырды  

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екенін мәлімдеді.   

Соңғы жылдары ДДҰ қолдауымен үш зерттеу жүргізіліп, Қазақстан әлемдегі тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екені анықталған. Мамандардың айтуынша, елде әрбір адам күніне 17 г тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан төрт еседей артық көрінеді.   

"Қазақстанда тұзды тұтыну деңгейінің жоғары болуына тарихи және заманауи үрдістер себеп болып отыр. Бұрын адамдар тұзды азық-түлікті – әсіресе ет пен шұжықты, сондай-ақ құрт, айран сияқты ашымал сүт өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін пайдаланды", - деп жазылған ДДҰ хабарламасында.

Зерттеу көрсеткендей, Орталық Азияда дәстүрлі тұзды тағамдарды өндіру үрдісі әлі де жалғасып келеді, ал өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын нашарлатып жіберген, деп жазды Новости ООН.

ДДҰ азық-түліктің бұл зиянды бөліктері созылмалы аурулардың көбеюіне әкелетінін ескертті.

"Дәрігерлер Қазақстан халқы дұрыс тамақтану, әсіресе тұзды тұтынуға қатысты ұсынымдарды ескермейтін болса, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, екінші типті қант диабеті мен онкологиялық аурулардың артуына әкелетінін ескертеді", - деп атап өтті ДДҰ мамандары.

31484
Кілт сөздер:
тұз, құрт, ДДҰ
Тақырып бойынша
Ғалымдар күріштің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Энергетикалық сусындардың зияны туралы не білеміз?
Шайдың сіз білмейтін 6 зияны
Ғалымдар қандай шайдың адам өмірін ұзартатынын анықтады
Загрузка...