Қоғам

"Жастарға айтар бір сөзім бар" Назарбаевтың өскелең ұрпаққа берген ақыл-өсиеті - видео

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жастар дүние жүзінің азаматы болуы тиіс

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың телерадиокешені Instagram желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының архивтегі видеосы жариялады.

Кадрларда президент Назарбаев өскелең ұрпаққа ақыл-өсиет айтып отыр.

"Жастарға айтар бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүние жүзінің бәрінде жұмыс істеуге болады. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Сонда сен барасың дағы, басқа елге, Африкаға барғанда өзіңнің заңыңды орнатасың ба оларға? Мен қазақпын, табыныңдар маған деп", - деп сұрайды мемлекет басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жастар жаһанның азаматы болуы тиіс.

"Қазіргі жастарымыз – Дүние жүзінің азаматы болды. Өзінің жас кезінен әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға, соған үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады", - деп президент сөзін түйіндеді.

Айта кетсек, 2018 жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

2019 жыл - Жастар жылы

Ал сол жылдың 14 қарашасында президент Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0