түрме

"Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш ұсталды

669
(Жаңартылды 11:03 11.03.2019)
Серікжан Біләш ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталып отыр

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік және ұлтаралық алауыздық тудыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады деген күдікпен Серікжан Біләшті ұстады.

"Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Серікжан Біләштің ұсталғаннан кейін жасаған мәлімдемелері тарады.  

"Мені 10 наурызда түнгі сағат бір-екі шамасында Астана қаласының полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында тұтқындап, түнде ұшаққа мініп, таңертең Астанаға жеттік. Дәл қазір мен Астананың полиция департаментіндемін...Ешқандай жаза, қорлық, қысым көрген жоқпын. Ең басты айтайын дегенім, мені қытайлар ұрлап кеткен жоқ", - дейді видеода Біләш.

Сондай-ақ ол өзіне Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылып отырғанын айтқан.

"Мен бұл айыптармен келіспейтінімді айттым. Істі Астанада емес, Алматыда қарау туралы шағым түсіремін", - деді ол.

Айта кетсек, ақпан айының басында Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Атажұрт еріктілері" ұйымының басшысы Серікжан Біләшқа 252 мың теңге көлемінде айыппұл салған болатын. Оған "Тіркелмеген бірлестікке жетекшілік етті" деген айып тағылды. Алайда Серікжан Біләш соттың бұл шешімімен келіспейтінін, аппеляциялық шағым түсіретінін айтқан еді.

Серікжан Біләш және оның қолдаушылары Қытайдағы қазақтардың жайын қозғап, Алматыда бірнеше рет баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

669
Кілт сөздер:
тергеу, полиция, атажұрт, Қытай, қытай қазақтары
Тақырып бойынша
Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
52 өзбектен Қытайдан қашқан қазаққа дейін: Елді дүрліктірген атышулы оқиғалар
Сенат депутаты: Қытай Қазақстанды басынан бақайшағына дейін зерттеп отыр
Қазақстан үкіметі Қытайдан қарыз алуды жоспарлап отыр
Полицейлер Қытай азаматтарының Қазақстанға заңсыз көші-қонын ұйымдастырған
Қытай азаматтары Атырау әуежайында жанжал шығарды
Қытайдан келген қандасымыздың отбасын ойрандағандар өмір бойына сотталды
Загрузка...