Архивное фото женщины в наручниках

Қазақстандық студентті Қытай адвокаты қорғайды сыртқы істер министрлігі

165
(Жаңартылды 19:58 11.03.2019)
СІМ Қытайда ұсталған қазақстандық студентке қатысты түсініктеме берді

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Шанхай қаласындағы Қазақстан консулы есірткі сақтады деген күдікпен қамауға алынған студент Юлия Ходевамен кездеседі, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы жылдың 27 ақпанында ҚХР құқық қорғау органдары Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстаған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.

"Қытай азаматы саналатын адвокат қазақстандық студентті қорғайды. Сондай-ақ Юлия Ходеваның ата-анасымен байланыс орнатылды. Шанхайдағы Қазақстанның бас консулдығы аталған мәселені бақылауға алды. Осы аптаның соңында біздің консул уақытша ұстау изоляторына барып,  Юлия Ходевамен кездеседі", - деді ол Астанада өткен брифингте.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Юлия Ходеваның Қытайда оқып жатқанына 6 жыл болғанын, оның оқуды бітіруіне аз ғана уақыт қалғанын атап өтті.

"Ол консул есебінде болмаған. Сондықтан біздің қызметкерлер оның Қытайда оқып жатқаны туралы білмеген.  Шетелдегі қазақстандық студенттерге консул есебіне тұруға кеңес береміз", - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та 2019 жылдың 27 ақпанында Чжэцзян провинциясы құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстағаны мәлім болған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.  

165
Кілт сөздер:
есірткі, студент, Қытай
Тақырып бойынша
Қытайда көз жұмған қазақ қызына қатысты тың деректер шықты
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай немен айналысып жатыр?
"Мұсылмандардың құлағын шулатты" Министр Қытайда ұсталған қазақтар туралы айтты
Қытайда тағы бір қазақстандық студент қыз ұсталды
Загрузка...