Компьютер

Қазақстанда енді үйден шықпай-ақ қолжетімді баспана алуға болады

425
"7-20-25" бағдарламасы бойынша заемды онлайн режимде алдын ала мақұлдауға мүмкіндік беретін механизм әзірленіп жатыр

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша қарызды онлайн режимде алдын ала мақұлдауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылмақ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында жиын өтті. Онда "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков бағдарлама бойынша қарызды онлайн режимде алдын ала мақұлдауға мүмкіндік беретін жүйе әзірленіп жатқанын айтты.

"Біз Қазақстан азаматтары үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша заемды онлайн режимде алдын ала мақұлдауға мүмкіндік беретін механизмді әзірлеп жатырмыз. Бұл қарыз алушыға қашықтықтан ипотекалық кредит алуға мүмкіндік жасайды. Осылайша, клиент үйден шықпай-ақ кредит ала алады. Тек азаматтың компьютері интернетке қосылуы қажет және электронды цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті", - деді төраға.

Оның айтуынша, онлайн жүйе азаматтарға екінші деңгейлі банктерге бармай-ақ, қажетті анықтамаларды жинамастан төлем қабілеттілігін растауға мүмкіндік туғызады.

"Бұл қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау мақсатында іске асырылғалы отыр. Осылайша, азаматтар табыстары мен шығыстары туралы ақпаратты автоматты түрде ала алады", - деді Қайрат Алтынбеков.

425
Кілт сөздер:
онлайн режим, баспана, 7-20-25 бағдарламасы
Тақырып бойынша
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
Загрузка...