Мәдина Әбілқасымова

Вице-министр бұрынғы басшысы Әбілқасымова қандай адам екенін ашық айтты   

6233
(Жаңартылды 17:02 12.03.2019)
Бұрынғы еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұрынғы басшысының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің бұрынғы басшым алдына қойылған кез келген міндетті орындай алады. Ол өте білікті, кәсібилігі жоғары адам. Оның қолынан бәрі келгенін қалаймын. Меніңше, енді еңбек министрлігіне жәрдемақыны арттыру, тағы басқа мәселелерде өз позициясын дәлелдеу жеңілірек болады", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.

Айта кетсек, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова үкімет қаулысымен ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол еңбек министрлігінің тізгінін бір жыл ұстады. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарады.

6233
Кілт сөздер:
Светлана Жақыпова, вице-министр, Мәдина Әбілқасымова
Тақырып бойынша
Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова қызметінен кетті
Әбілқасымова Астанадағы өрттен кейін бірінші рет БАҚ алдына шықты - видео
"Кеше барып көңіл айтты": министр Әбілқасымова үкіметке неге келмеді?
Әбілқасымова өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді
Халықтың ашуына тиген экс-министр: Мадина Әбілқасымова туралы қызықты деректер
Загрузка...