Қоғам

Наурыз мейрамында ең сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынайды

© Photo : предоставлено пресс-службой КТЖТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 мыңнан астам қазақстандық мереке күндері ел аралап, сапар шегетін болады

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай қала маңында қатынайтын қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Наурыз 2018 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Атап өтсек, елорданың ескі вокзалынан 19, 20, 21, 25 наурызда бір бағытта аттанатын №7510 Астана-1 – Павлодар пойыздары іске қосылмақ, және тағы бір пойыз – №7502 Астана-1 - Павлодар 25 наурызда жолға шығады. 20 наурызда №7509 Павлодар - Астана-1 қала маңында қатынайтын пойызы қосымша жүретін болды.

"Осы шаралар арқасында мереке кезінде қосымша 18 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы".

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы жайында не білеміз?

19-26 наурыз аралығында үлкен сұранысқа ие бағыттар бойынша пойыздарға 220 қосымша тіркеме қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Жолаушылар тасымалы" мереке кезінде Астанадан Павлодар мен Алматыға, Алматыдан Арысқа, Қызылордадан Атырауға және Атыраудан Қызылордаға бір реттік пойыздарды іске қосады.

Жаңалықтар
0