денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Министр: Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындардың дені ерлер

275
Обырға алғаш шалдыққандардың 60 процентке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде қатерлі ісік диагнозымен 181 000 пациент диспансерлік бақылауда тұр.

Былтыр 35 753 адам алғаш рет есепке алынған, оның 44,3%-і – ерлер және 55,7%-і – әйелдер.

"Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ті құрайды. Қатерлі ісікке алғаш шалдыққандардың 60%-ке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті жастағы адамдар", - деді Біртанов мәжілістегі үкімет сағатында.

Қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің кең таралған түрлері мыналар: сүт безі обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%). Одан кейінгі орында –  жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек (4,7%) обыры.

"Өлімнің негізгі себептері – өкпе (16,5%),  асқазан (11,5%) және сүт безі қатерлі ісігі", - деді министр.

275
Кілт сөздер:
сүт безінің қатерлі ісігі, қатерлі ісік, Елжан Біртанов
Тақырып бойынша
Олимпиада чемпионы қатерлі ісікке шалдықты
Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі жеті белгісін атады
Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын төрт есеге арттыратын факторды анықтады
Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады
Бір отбасындағы үш адам қатерлі ісіктен қорқып, асқазанын алдырып тастады
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1107
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1107
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

136
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

136
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы