Нұрсұлтан Назарбаев жиендерімен

Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

51363
Мемлекет басшысының үш қызынан тоғыз жиені бар

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың жиендері кімдер деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны жасырын емес. Президенттің үш қызынан туған тоғыз жиені туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыздар. 

Назарбаевтың тұңғыш жиені – Нұрәлі Әлиев 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің баласы. 1985 жылдың 1 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Америка мен Австрия елдерінде білім алды. Президенттің жиені және сенатордың ұлы 14 жыл бойы жоғары қызметтерді атқарып келеді. Hit TV телеарнасын басқарды, "Нұрбанк" директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан даму банкінің басқарушы директоры болды. 

Нұрәлі Әлиев
© Photo : Астана қаласының әкімдігі
Нұрәлі Әлиев

2014 жылдың желтоқсанында Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Екі жылдан кейін, 2016 жылдың наурызында "бизнес-ортада сүйікті ісіммен айналысамын" деп бұл қызметтен кетті. 

Forbes Kazakhstan жасаған "Қазақстанның 50 бай бизнесмені – 2018" рейтингінде Әлиев 219 млн доллар дәулетімен 28-орында тұр. 

Бүгінде 33 жастағы Нұрәлі – танымал бизнесмен, экономист, меценат. "Capital Holding" ЖШС инвестициялық холдингінің қожайыны, холдинг портфелінде 13 отандық компания бар. 

Тағы оқыңыз: Рахат Әлиевтің өлімі туралы жаңа деректер шықты

Бизнестен бөлек, Нұрәлі Рахатұлы қайырымдылықпен белсенді айналысады. Zhanartu қорының негізін қалаған, "Дом мамы" жобасының қатысушысы, "Ана үйі" қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі. 

Нұрәлі Әлиев – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, бұрынғы әділет министрі Берік Имашевтің күйеу баласы. Жары Аида Имашевамен бірінші сыныптан бері таныс екен. 18 жасында отбасын құрған. Жоғарыда айтқан "Zhanartu" қорын жұбайы Аидамен бірге құрған. 

Бүгінде Нұрәлі – көп балалы әке, екі қыз (Алан мен Әнуар) және екі ұл (Лаура мен Амира) тәрбиелеп отыр.

Бос уақытында футбол, хоккей, бокс және тенниспен айналысады. 

"Президенттің сүйікті жиені"

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "президенттің сүйікті жиені" деп атайды. 

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Австрияда орналасқан Америка халықаралық мектебінің түлегі, бұған дейін БАҚ жазғандай, оқу кезінде Айсұлтан тек мектепте алған стипендиясына ғана өмір сүрген. Осылайша ол ақшаның қадірін түсініп, үнемдеуді үйреніпті. 

Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев қандай қызметке тағайындалды?

Британияның корольдік "Сандхерст" әскери академиясын бітіргеннен кейін, Отарға әскери борышын өтеуге аттанады. ҚР қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатында болып, аға лейтенант атағын алды. 

Бала кезден футбол ойнайды. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады. 

"Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған. 

2017 жылдың ақпанында Айсұлтан Назарбаев "Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының" вице-президенті болып тағайындалды. Бірақ көп ұзамай президенттің жиені өтініш жазып, жылы орнын босатты. 

Айсұлтан Назарбаев отбасымен
© Photo : әлеуметтік желіден алынды
Айсұлтан Назарбаев отбасымен

2013 жылдың 31 тамызында "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленеді. Айсұлтанның жары Алима – белгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі. 

2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді. 

"Алланың қалауымен мен Ұлт көшбасшысының отбасында өмірге келдім. Сондықтан менің басты қызметім – президенттің немересі екендігімде. Тәулігіне 24 сағат бойы мен осы қызметтемін", — деген еді Айсұлтан сұқбаттарының бірінде. 

Назарбаевтың басқа жиендеріне қарағанда, Айсұлтанның есімі БАҚ беттерінде жиі аталады. 

Өткен жылы Назарбаевтың жиені жан күйзелісінен арылу үшін бір жылдары есірткі қолданғанын айтып, елді елең еткізген еді. 

"Атам – академик Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан кейін, арада бір жарым ай өткенде, австриялық түрмеде әкем Рахат Әлиев өз-өзіне қол салды. Өмір маған алғаш рет екі бірдей соққы жасады. Жұрттың бәрі бақытқа бөленіп,  шалқып өмір сүреді деп айтатын Айсұлтан әлемдегі ең бақытсыз жанға айналды", — деп жазған еді ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ол қиын сәтте оған атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегі көп тигенін атап өтті. 

"Президент күндіз 17 миллион адамның мәселесін шешсе, кешке бар уақытын маған бөлді. Ол кезде бар назарын маған салу үшін атам қаншалықты күш-жігер, денсаулығын жұмсағанын түсінбеп едім. Сондықтан өмірдегі ең сорақы әлсіздікке бой алдырдым. Жұбанышты есірткіден іздедім",- деп ағынан жарылған еді Айсұлтан.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың мұрагері кім?

Шайжүнісовтер әулетіне келін болып түскен Венера 

Венера Назарбаева – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің кіші қызы. 

2000 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. 

"Огонек" журналына берген сұқбатында анасы Венераның Вена қаласында туғанын айтқан болатын.

"Жұма күні босандым, итальян тілінде жұма "венерди" деп айтылады. Оған қоса, сол күні 2000 жылы 5 мамырда ғаламшарлар шеруі болды. Қызымның жұлдызы Торпақты Венера планетасы жебейді. Сол себепті осы ат ең лайықты деп таңдап қойдым", —деген еді Дариға Назарбаева.

Дәлен Шайжүнісов пен Венера Назарбаеваның үйлену тойы
Дәлен Шайжүнісов пен Венера Назарбаеваның үйлену тойы

18 жастағы Венера – шығармашылық адамы. "Алма-Ата – алғашқы махаббатым" атты ретро-фестивальде, концерттерде ән шырқаған. Қазақстан мен Германия бірлесіп түсірген режиссер Файт Хельмердің "Байқоңыр" фильмінде шопанның қызы болып ойнады.

Осы жылдың маусымында Шайжүнісовтер әулетінің жігітіне тұрмысқа шықты. Бойжеткеннің жары –  22 жастағы Дәлен Шайжүнісов. Венера мен Дәлен екі жыл бұрын танысқан. 

Кей деректерге сүйенсек, Дәлен 1995 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы университетті "Заңгерлік" мамандығы бойынша тәмамдапты. Астанада тұрады екен. 

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның жалғыз қызы туралы не білеміз?

Динара мен Тимур Құлыбаевтардың балалары 

Қазақстанның бай адамдары саналатын ерлі-зайыпты Динара мен Тимур Құлыбаевтар үш бала тәрбиелеп отыр. 

Тұңғышы Алтай Құлыбаев Айсұлтан Назарбаевтың құрдасы, 1990 жылы туған. 2012 жылы Лондонда City University жанындағы Cass Business School бакалавры дәрежесін алады. Бұл университет әлемдегі ең үздік қаржы жоғары оқу орындарының ондығына кіреді. 

Сұқбаттарының бірінде Динара Құлыбаева ұлы Алтай жайында былай деген еді: 

"Алтайды тәрбиелеу сондай қиын! Алтай қолды-аяққа тұрмайтын, тынышсыз бала. Оның үстіне қырсық, бәрін керісінше істейді. Әжесі мен атасын қонаққа келіп, бірнеше сағат әңгіме айтуы мүмкін. Әкеме таңғаламын: жас кезінде ол балалардың шулағанын ұнатпайтын. Ал қазір! Немерелер оның басына шығып жатса да, мәз болып отыра береді", — деген еді ол.

Тимур және Динара Құлыбаевтар ұлы Алтаймен
© Sputnik /
Тимур және Динара Құлыбаевтар ұлы Алтаймен

Динара Нұрсұлтанқызының айтуынша, Алтай бала кезден дарынды, жан-жақты. 

"Музыкаға жақын жігіт, фортепианода ойнауды үйреніп жүр. Компьютер ойындарын қатты жақсы көреді", — деп айтқан еді бұрынғы сұқбаттарының бірінде. 

Алтайдың екі қарындасы бар: Дениза, 2004 жылғы және Алишия 2010 жылғы.  

Тағы оқыңыз: Дариға мен Әлия Назарбаевалардың әкесіне жасаған сыйы — фото 

Кіші қыздан туған жиендер

Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның балалары әлі кішкентай, олар туралы интернетте ақпарат аз. 

Әлия Назарбаева алғаш рет 18 жасында Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жастың дәм-тұзы жараспай, көп ұзамай ажырасып кетті. 

Кейін Әлия Данияр Хасенов деген азаматпен отбасын құрды. 2007 жылы Тиара, 2011 жылы Алсара есімді қыздары дүниеге келді. Алайда екі жастың отбасылық өмірі ұзаққа созылмады.

Әлия Назарбаева жұбайы Димаш Досановпен Астанада өткен МУЗ-ТВ премиясында
© Sputnik /
Әлия Назарбаева жұбайы Димаш Досановпен Астанада өткен МУЗ-ТВ премиясында

Ал 2015 жылы Димаш Досановқа күйеуге шықты. 2016 жылдың жазында Алдияр есімді ұлын өмірге әкелді. Жақында бұқаралық ақпарат құралының бірі Әлия төртінші бала — қыз дүниеге әкелді деген ақпарат таратты. Бірақ әзірге нақты мәлімет жоқ. 

51363
Кілт сөздер:
жиендер, отбасы, Тимур Құлыбаев, Динара Назарбаева, Айсұлтан Назарбаев, Дәлен Шайжүнісов, Венера Назарбаева, Әлия Назарбаева, Дариға Назарбаева, Назарбаев
Тақырып бойынша
Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ
Дариға Назарбаева: Елбасы - ең үлкен құрметке лайық адам
Әлия Назарбаева жаңа қауымдастықтың президиумын басқарады
Әлия Назарбаева жүлде алды
Назарбаева Есентаеваның оқиғасы туралы: Әйелге қол көтеру – масқара
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

61
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

61
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
Дәрігерлер

Ешкімге сенбеңіз: еріктілер денсаулық министріне бейнеүндеу жолдады

132
(Жаңартылды 20:40 11.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі еріктімен байланысқа шығып, медициналық ұйымдардарда халықтық бақылау жүргізетін болып уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ауруханалардағы науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерге көмектесетін қазақстандық еріктілер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға интернет арқылы ашық бейнеүндеу жолдады.

Видео ерікті Аида Букаеваның Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

Ол Қазақстанның ауруханаларында дәрі-дәрмек жеткіліксіздігін айтып, гуманитарлық көмектің тиісті орындарға жетпейтінін мәлімдейді.

"Құрметті денсаулық сақтау министрі, егер сізге дәрі-дәрмек жеткілікті деп барлық ауруханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін хабарлап жатса, мұның бәрі өтірік. Ешкімге сенбеңіз. Бізде бейне материалдар жеткілікті. Біз науқастардың туыстарынан сәлем-сауқаттарды қабылдап, оларды палаталарға жеткіземіз. Бізде көптеген бейнематериалдар бар және Қазақстанға қандай гуманитарлық көмек келетінін көрсетіп, адамдарды ашуландырмаңыз", - деді Аида Букаева.

Көмек тиісті орындарға жетпей жатқанын атап өткен автор министр тез арада оң шешім қабылдамаса, ауруханада түсірілген барлық бейне материалдарды жариялайтынын айтады. 

Сондай-ақ, ол дәріханалардағы кезек ауруханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеуінен пайда болғанын айтады. Науқастардың туыстары препараттарды өздері іздеп, кезекке тұруға мәжбүр. Ал мұндай әрекет адамдардың жаппай коронавирус жұқтыру қаупін тудырады.

Министрмен қандай келісім жасалды?

Өз кезегінде министр Алексей Цой видео авторымен байланысқа шыққанын айтып, Facebook-те жазба жариялады.

"Мен Аида Букаеваның Facebook-тегі үндеуін көрдім. Жазылушылардың бірі  оның байланыс телефонын берді. Қоңырау шалып, сөйлестік. Бірнеше айдан бері ол ауруханалардағы дәрігерлерге көмек беріп, науқастарға қамқорлық жасап, еден жуып, сусынын жеткізіп отыр. Біздің дәрігерлер ерлікпен тең әрекеттер жасауда. Олар оқиға ортасында бола отырып, жұмыста кездесетін проблемалардың шынайы көрінісін көреді", - деп жазды министр.

Ол өзіне көптеген қазақстандықтар халыққа объективті көріністі көрсетіп, емделуге қатысты қарапайым ұсыныстарды түсіндіріп және коронавируспен ауыратын науқастарға қайырымдылық көмек көрсетуді сұрап жүгінгенін атап өтті.

"Біз медициналық ұйымдардың ішкі жағдайына өз бетінше қадағалау жүргізуге дайын азаматтардан халықтық бақылау құруға келістік. Яғни, бұл шынайы көріністі нақты бағалау үшін керек. Мұнда көмек көрсету туралы ұсыныстар беріліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жайы, қызметкерлердің қорғалу деңгейі, олардың пациенттерге көмектесуі, басшылық құрамның ұжым мен пациенттерге назар аударуы бақыланады. Қажет болған жағдайда, әсіресе, жемқорлық сипаттағы препараттарды қайта сату жағдайларында қатаң шаралар қолданамыз", - деп толықтырды Цой.

Оқи отырыңыз: Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады

Сондай-ақ, министр еріктінің аталған бағытта бақылау жүргізуді құптап, тіпті аймақтарды да аралауға дайын екенін білдірген.

"Біз сондай-ақ өңірлерде осындай жұмысқа қатысуға дайын азаматтарды іздеудеміз. Қазірдің өзінде ұлттық еріктілер желісі осы жобаға қатысуға ниет білдірді. Оларға біз медициналық ұйымдарға қол жетімділікті қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, нәтижелер бойынша жағдайды жақсарту үшін нақты шешімдер қабылдаймыз", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл жобаға ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да қолдау көрсетуге уәде берген.

132
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау, еріктілер, емделу
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Хабар беруді өтінеміз": вице-премьер  қазақстандықтарға үндеу жасады
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Немереңізді ауыртып аласыз": Бердібек Сапарбаев тұрғындарға үндеу жасады
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады