Пәтер

Мамин көпбалалы отбасыларға баспана қашан беріле бастайтынын айтты

846
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы екі жыл ішінде 22 мың мұқтаж отбасы жеңілдікпен кредит алады

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Көпбалалы отбасыларға пәтер бөлу осы жылдың 1 мамырынан басталады. Бұл туралы бүгін премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы президенттің тапсырмасына сәйкес, "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

"Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру аясында бес жыл ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап пәтер бөлуді бастаймыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы екі жыл ішінде 22 мың мұқтаж отбасы жеңілдікпен кредит алады", - деді Мамин "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламаларын іске асыру барысы қаралған үкімет отырысында.

Сондай-ақ, премьер әкімдерге өңірлерде баспана құрылысының қарқынын күшейтуді тапсырды.

"Биыл 13,1 миллион шаршы метр пәтерді пайдалануға беру көзделіп отыр. Әкімдіктер мен тиісті мемлекеттік органдар жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылым салу жұмысының қарқынын арттыруы қажет", - деді ол.

Бұған қоса, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысында ортақ архитектуралық келбетті белсенді қолдануды тапсырды. Айтуынша, әзірге бұл тапсырманы тек үш өңір – Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары орындап отыр. Ал қалған өңірлерде бұл жұмыс енді басталған.

846
Кілт сөздер:
Нұрлы жер
Тақырып бойынша
"7-20-25": ипотека алғандар айына қанша төлеп жатқаны белгілі болды
Астанада 3 көпбалалы отбасыға тосынсый жасалмақ: оларға баспана беріледі
"7-20-25": Астана тұрғыны пәтер алуға қанша ақша мен уақыт жұмсағанын айтып берді
Көпбалалы отбасыларға берілетін баспананың қанша тұратыны белгілі болды
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 2400-ден аса адамның өтінімі мақұлданбаған
Загрузка...