Ноутбук

Астана атауы өзгергенін білген Ақтөбе тұрғыны әп-сәтте байып кетудің жолын тапты

10733
(Жаңартылды 09:15 24.03.2019)
Қазақстандық елорданың жаңа атауына сәйкес домен сатып алып, енді соны 24 миллион теңгеге сатқалы жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Nur-Sultan.kz домені сатылымға шығарылды. Бұл туралы telderi.ru атты ресейлік сайттар мен домендер биржасында жарияланған.

Хабарландыру авторы жазғандай, домен Қазақстан елордасының жаңа атауына толығымен сәйкес келеді. Айтпақшы, доменнің бастапқы бағасы – төрт миллион екі жүз мың рубль (24 миллион 696 мың теңге).

Хостинг қызметін ұсынатын сайттардың бірінде доменнің Ақтөбе тұрғынына тиесілі екені айтылыпты. Ол доменді 2019 жылы 20 наурызда сатып алған екен.

Еске сала кетсек, 23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізілгені туралы заңға қол қойып, Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан деген атқа ие болды. Мемлекет басшысы астана атауын өзгерту туралы жарлыққа да қол қойды.

Конституциялық кеңес оң қорытынды жасап, барлық шараны Конституцияға сай деп таныған.

10733
Кілт сөздер:
байлық, Ақтөбе, Астана
Загрузка...