Қоғам

Моңғолиядан келген бүркітші қыздың Назарбаевқа айтқан арманы орындалатын болды

© Sputnik / Владислав ВодневАйшолпан Нұрғайыпқызы
Айшолпан Нұрғайыпқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Айшолпан Нұрғайыпқызы Нұр-Сұлтан мен басқа қалаларда бүркітшілер мектебінің ашылғанын армандайтынын айтқан еді

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар жылы аясында республика өңірлерінде бүркітшілер орталығын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, Моңғолияда тұратын қазақ бүркітшісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлемге әйгілі бүркітші қыз: басында бәрі маған қарсы шықты

"Еліміздің аймақтарында бүркітшілер орталығын ашуға байланысты шаралар қабылданады. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министр – Sputnik), есіңізде болар, жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде қазақтың атын әлемге танытып жүрген Айшолпан есімді бүркітші қыз орталық ашуды ұсынған еді", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы қаралған үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ведомство жаттығу орталықтарын ашып, түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп қана қоймай, мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Бүркітші қыз Назарбаевқа Алтай қазақтарының аманатын жеткізді

"Осылайша, ұлтымыздың көне өнерін Қазақстандағы этнотуризмнің маңызды әрі ажырамас бөлшегіне айналдыру көзделіп отыр", - деді министр.
Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған болатын.

Сол кезде Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Назарбаевқа өз арманы туралы айтқан еді.

"Астанада және басқа қалаларда қазақтың салт-дәстүрін оқып үйрететін орталықтар, әсіресе, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар", — деген болатын бүркітші қыз.

Сонымен қатар, ол Елбасыны Моңғолияға қонаққа шақырған еді.

Жаңалықтар
0