Нұр-Сұлтандағы автобус апаты

Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды

2636
(Жаңартылды 18:12 26.03.2019)
Елордалық әкімдікте қайғылы оқиғаға қатысты шұғыл брифинг өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы апаттан қайтыс болғандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған Айзат Нүрекенова Қарағанды облысының тұрғыны. Оның денесін осы өңірге жеткізуге көмек көрсетеміз. Ол - жалғызбасты ана, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар. Ал жүргізуші Абай Оспановтың артында төрт баласы қалды", - деді "Астана LRT" ЖШС жетекшісі Бекмырза Игенбердинов.

Әкімдіктегі шұғыл брифинг барысында жантүршігерлік апаттан кейін 36 адамның медициналық көмекке жүгінгені айтылды. Жедел жәрдем бригадасы олардың жиырма алтысын қалалық емханаларға жеткізді, 23 адам қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдайды. Зардап шеккен 2 тұрғын - №1 қалалық ауруханаға, біреуі – орталық жол ауруханасына жеткізілді. Жеңіл жарақат алған 8 адам емханаға өздері барған. Зардап шеккендер арасында балалар жоқ.  

Әкімдіктегілердің мәліметінше, "Астана LRT" апатта көз жұмғандардың отбасына ақшалай көмек көрсететін болады. Сондай-ақ қайтыс болған жолаушының денесін Қарағанды облысына жеткізеді. Ал апаттан зардап шеккен өзге жолаушылар тиісті медициналық сараптамадан кейін сақтандыру компаниясынан өтемақы алады.

Автобус жүргізушісінің  денсаулығы жақсы болған - "Астана LRT"

Еске салсақ, 26 наурыз, сейсенбі күні, Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысты. Бірнеше автокөлік, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жасар жолаушы көз жұмды. 27 зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Жолға шығар алдында жүргізушінің денсаулық жағдайы тексеріліп, қанағаттандырарлық деп бағаланған. Автобуста да ешбір ақау байқалмаған. Барлық техникалық талаптарға сай жұмыс істегені белгілі.

Бұған дейін елордалық әкімдік әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге донор қаны керек деген ақпаратты жоққа шығарды.

2636
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Астана LRT, автобус, апат, әкімдік
Тақырып бойынша
Көлік кеден бекетінің қоршауына соғылды – екі әйел қаза тапқан
Алматыда үш көлік соқтығысты: біреуі дүкенге қарай ұшып кеткен
Қарағанды облысында 45 адам мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты - фото
Алматыда автобус газ баллондары тиелген жүк көлігіне соғылды: бір адам көз жұмды
Facebook

Ішкі істер министрі әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

1
Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының халыққа жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында бүгіннен бастап ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунтының ашылатынын хабарлаймын. Негізгі мақсат - халықпен диалог жасаудың алаңын құру", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

Бұл қадам полицияның ашық және қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз, деді ол.

Оқи отырыңыз: Желіде видео бөліскен алматылықтың басы бәлеге қалды

1
Қолдағы ақша, архивтегі сурет

Шымкентте төрт адам 40 миллион теңгемен ұсталды видео

6
(Жаңартылды 11:27 28.09.2020)
Олар алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша жалған шот-фактура жазумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында жалған шот-фактуралармен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, комитеттің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бір топ адамның алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша аса ірі көлемде сомаға жалған шот-фактура жазумен айналысқанын анықтады.

"Атап айтқанда, 4 азамат алдын-ала сөз байласып 615 миллион теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 миллион теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды", – дейді тергеушілер.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216 бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай, оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

6
Кілт сөздер:
жалған құжат, қылмыстық топ
Тақырып бойынша
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған – видео
Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды