Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі

5706
Қазақстан президенті өңір басшыларына халықпен жиі кездесіп, елді мекендерді аралауға тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес басталды. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді", - деп жазды баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.

Ақордадағы кеңес барысында президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.

Тоқаев Шпекбаев пен Асановқа қандай тапсырма берді?

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тапсырма берді.

Жалақы 1 шілдеден көтерілмейді: Тоқаев тапсырма берді

5706
Кілт сөздер:
баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...