Қыз

Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті

9047
Оқушы қызды зорлаған 50 жастағы ер адам ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 9 жасар қызды зорлаған 50 жастағы ер адам 17 жылға сотталды. Ол оқушыны сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Сот талқылауы жарты жылға созылды. Сотталушы кінәсін мойындамағанымен, қылмысын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар болды.

Іс барысында белгілі болғандай, ер адам үйленген, елордада кран жүргізушісі болып істейтін. Былтыр қараша айында түскі үзіліс кезінде оқушы қызды көріп, үйіне дейін ізінен қалмайды. Аңғал қыз сантехникпін деп танысқан ер адамға сеніп, пәтерге кіргізген екен. Содан соң азғын арам ойын іске асырып, 9 жастағы қызды зорлап кетеді. Ер адам бұрын да қыз зорлағаны үшін сотталыпты, ол кезде 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ бостандыққа шыққан соң бұрынғы әдетіне қайта басса керек.

"Мен үкіммен келіспеймін. Соңғы отырыста жоққа шығарғанмын. Айғақтардың көпшілігі қиыспайды. Әділ шешіміңізге үміттенген едім", - деді ол сотта.

9047
Кілт сөздер:
педофил, зорлау, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Естігенде есеңгіреп қалдым" Ақтөбелік әйел күйеуі жайлы сұмдықты жайып салды
Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті
Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі: сот үкімі қайта қаралды
"Аяғын сүйіп, жалындым": зорланған жалғызбасты ана соттың жеңіл үкіміне шағымданды
Загрузка...