жол апаты

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады

325
(Жаңартылды 14:26 28.03.2019)
Сенатор 26 наурызда елордада болған ірі жол апатына байланысты үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Георгий Ким жолаушылар тасымалын, сондай-ақ техникалық және медициналық тексерістерді жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерінің жауапкершілігін күшейтуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдамас бұрын Георгий Ким Нұр-Сұлтандағы жол апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі көліктің техникалық тексерісімен және жүргізушінің медициналық тексерісімен қамтамасыз етіледі", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Айтуынша, автокөліктің техникалық тексерісін шағын және орта бизнес өкілдері жүргізеді. Олар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес операторлар реестріне қосылған. Ал медициналық тексеріске дәл сол шағын және орта бизнес өкілдері жалдаған медициналық қызметкерлер жауапты.

"Адамдардың көбі жолаушылар автобусымен жүретінін ескеріп, жолаушылар тасымалын, сондай-ақ, техникалық және медициналық тексерістерді жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерін бақылау мен олардың жауапкершілігін күшейту қажет деп санаймын", - деді Ким.

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды. 27 адам зардап шеккен.

325
Кілт сөздер:
депутаттық сауал, апат, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео
Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды
Нұр-Сұлтандағы апат: қаза тапқан автобус жүргізушісі туралы мәлімет жарияланды
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті
"Мұндайға жол бермес еді" - Нұр-Сұлтандағы апаттан қаза болған жүргізушінің әріптестері
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр
Теңге, архивтегі фото

Қазақстанда кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды

2380
(Жаңартылды 16:00 14.08.2020)
17 тамыздан бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен бірқатар кәсіпорын қайта ашылады. "Атамекен" ҰКП жұмыс істеуге рұқсат етілмеген кәсіпкерлерге 42 500 теңгеден төлеуді жалғастыру қажет екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. 17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мысалы, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз", - деді "Атамекен" төрағасының орынбасары.   

Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің кредитін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Эльдар Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.

Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары Қазақстанда карантиннің салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.  

2380
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, төлемақы, жәрдемақы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті
Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады
"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді
Президент индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Атамқұлов Тоқаевқа 61,3 мың отбасының тұрмысы жақсарғанын айтты

35
Индустрия министрі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы 7 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайына қарамастан министрлікке қарасты салаларда оң нәтижелерге қол жеткен. Министр бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 61,3 мың отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарғанын жеткізді. Сонымен қатар "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Халықтың тұрмысы жақсарды - Бекболат Тілеухан

Бұдан бөлек жыл соңына дейін Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыруға және ішкі нарықты толық қамту мақсатында өңделген өнімдердің үлесін арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйлерді уақытында табыстаудың маңызды әлеуметтік міндет екенін айтты. Сондай-ақ көлік-транзит инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

35
Кілт сөздер:
баспана, Нұрлы жол, Нұрлы жер, Бейбіт Атамқұлов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда тұрғын үй арзандады – Ибрагимова
Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады

0
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы егер Ресейдің тәлібтермен байланысы расталса, оның құны жоғары болатынын айтты

Бұл оқиға маусымда The New York Times басылымында шыққан мақаладан басталды. Америкалық газеттің авторлары Мәскеу АҚШ әскерилерін өлтіру үшін Ауғанстандағы террористерге ақша төлейді деп мәлімдеді. Алайда мақалада нақты дәлелдер болған жоқ. Тек аты аталмаған арнайы қызметтің ақпаратына негізделіп жазылған. Ресейдің сыртқы істер министрлігі The New York Times мақаласының жалған екенін айтып, АҚШ-тан дәлел келтіруін талап етті.

0