Нұр-Сұлтандағы автобус апаты

Нұр-Сұлтандағы апат: автобус жүргізушісі ерлік жасағаны белгілі болды

6515
Елордадағы ірі жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші 30 адамды құтқарған

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы ірі көлік апатында автобус жүргізушісі ерлік жасады, деп хабарлайды "Астана LRT" АҚ.

"Бақдәулет Әлібек зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмектесті. Ол апат болған уақытта өзінің автобусымен қарсы бағытқа бара жатқан. Жантүршігерлік оқиғаны көрген жүргізуші автобусын тоқтатып, зардап шеккендерге көмекке барды. Үш жолаушымен бірге қираған автобус есігін ашудың жолын тапқан. Зардап шегушілердің жарақаты әртүрлі болды", - дейді көлік компаниясының өкілдері.

Бақдәулеттің айтуынша, ол қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше көңіл бөлген. Сондықтан мұндай ірі апат кезінде мүлдем саспаған. Компания жүргізушіге төтенше жағдайда белсенді болып, жолаушыларға көмектескені үшін алғыс білдірді.

"Астана LRT" АҚ баспасөз хатшысы Науат Азанбаевтың айтуынша, жүргізуші бұл ерлігін бәрінен жасырып келген.

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер көз жұмған әріптестері жайлы айтып берді

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды.

6515
Кілт сөздер:
апат, автобус, жүргізуші, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы апат: қаза тапқан автобус жүргізушісі туралы мәлімет жарияланды
"Адамдар қансырап жатты" - автобус апатынан зардап шеккен фельдшердің әңгімесі
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті
Автобус жүргізушісінің адамгершілігі алматылықтардың жүрегін елжіретті
Ұялы телефон, архивтегі сурет

Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

473
Марқұмның әкесі ұлы департамент ғимаратының терезесінен өзі секірген жоқ, оны лақтырып жіберді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп көз жұмған ер адамның әкесі Елбасы мен президенттен көмек сұрады.

Марқұм Ерлан Қоныспаевтың әкесі Сапарқали Қонысбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы екен.

Айтуынша, ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс отбасының соңғы 30 жыл бойы айналысқан жұмысымен байланысты. Пандемия кезінде Алматының экономикалық тергеу департаменті жалған қылмыстық іс қозғаған.

"Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысты қорлап, бізге үлкен моралдық қысым көрсетті", - деп мәлімдеді Сапарқали Қоныспаев.  

Ол 22 қыркүйек күні марқұм ұлын экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырды деп санайды.

"Тергеуші іс жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында суыт хабар алдым: ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ұйым басшылығының бұдан хабары болғанын сезіп отырмын", - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бір ведомстводан екіншісіне тапсырылып, баптар өзгертіліп жатыр.

"Ерланның бірнеше дипломы болған, Францияда білім алды. Бес тіл білетін. Артында үш баласы қалды. Ол мемлекеттік мекемеде өлтірілді. Маған, Қазақстан азаматы ретінде, осының бәріне сену қиын", - деді марқұмның әкесі.

Ол соңғы уақытта өзінің және отбасының, қызметкерлерінің өміріне де алаңдап жүргенін айтты.

"Мен тергеудің әділ өткенін қалаймын. Мен үшін бұл оқиғадағы ең маңыздысы – ол шындық", - деді ол.

Ерлан Қоныспаевтың өлімі

28 қыркүйекте Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамның экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болғаны хабарланды.

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 22 қыркүйекте болған. 44 жастағы Ерлан Қоныспаев экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатынан секіріп көз жұмды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, марқұм 2016 жылы білім министрлігінің ғылым комитетінен 230 миллион теңге мақсатты грант алған. Оның 88 миллион теңгесін еншілес компаниялардың шотына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда келісімшартта көзделген жұмыстар орындалмаған.

22 қыркүйекте марқұмнан күдікті ретінде жауап алынады. Қасында адвокаты да болған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағында ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Тергеуші Қоныспаевтың бұған дейін сотты болғанын және жаңа ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, оны ұстау және уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Алайда тиісті хаттамалар толтырылғаннан кейін, ер адам терезеден секіріп кеткен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған қоса, қаржылық мониторинг комитеті ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

473
Кілт сөздер:
тергеу, Алматы
Смартфон ұстаған зейнеткер

Жаппай төбелестің бел ортасында жүрген әженің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

1275
(Жаңартылды 15:07 28.09.2020)
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Қолданушылар төбелестен бұрын түнгі уақытта гүл ұстаған әженің қайдан шыққанын қызу талқылап жатыр.

Видеодан бірнеше адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Кадрда қамзол киген әже де бар. Басында ақ орамал, қолында бір шоқ гүлі бар кейуана бір жігітті итеріп, жолдың бергі жағына өтіп кетеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Желі қолданушылары жаппай төбелестің жұмадан сенбіге қараған түні "Туысқан бар" деген жерде болғанын жазып жатыр. Алайда, көбісі төбелесті емес, түнгі уақытта гүл ұстаған әжені талқыға салуда.

Біреулер оны түнгі клубтардың жанында жиі көретінін және оның қайыр сұрап жүретінін жазса, енді біреулер төбелестің арасында жүрген әженің әрекетін әзіл-қалжыңға айналдыруда.

Оқи отырыңыз: Бокспен шұғылданып жатқан әже желідегілерді таңғалдырды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Алайда, әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін бұзақылық әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

1275
Кілт сөздер:
жастар, Алматы, жаппай төбелес
Тақырып бойынша
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты
Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп жіберді
Астанада автобуста зейнеткер әже Елбасы туралы ән шырқады
Қостанай облысындағы өрт: ер адам қаза тауып, 96 жастағы әже уланып қалды

Бостандықтың белгісі: бүркітшілер құсты қалай аңға салу керектігін көрсетті видео

0
Алматы облысында Төле би ауылының маңында жаңадан "Қыран" ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды. Ол жерде қолөнер, аң аулау және ат үстінде жүріп садақ ату секілді қазақ дәстүрін үйретеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Этномәдени орталықты қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясы ашты, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта тәжірибелі жаттықтырушылар жыртқыш құстармен аң аулағысы келетіндерді баулиды.

Орталықтағы ең жас құсбегі Ерсұлтан Жұмағұлдың айтуынша, оның отбасында бүркітті аңға салу – атадан балаға берілетін мұра. Он төрт жастағы құсбегі он жасынан бері әке жолымен жүріп келеді.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

Ал 20 жылдан бері құсбегілікпен айналысатын Руслан Абылов құстарды жаттықтыру және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала біліп алу қажет дейді.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, туристер Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қатты қызығады. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, жергілікті тұрғындардың бай мәдени мұрасымен танысуға құмар.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

0
Кілт сөздер:
бүркітші, видео